Ұлттық компаниядағы басшысымен төсектес болудан бас тартқан жігіт жұмысынан қағылды
2017 ж. 24 ақпан
9946
19
Қазақстандағы транспорттық компаниялардың бірінде IT-маман ретінде қызмет еткен жас жігіт Темірлан бастығымен төсектес болудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығып қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Темірлан Ұлттық транспорттық компанияға өз күшімен жұмысқа тұрған. 20 жастағы жігіттің ірі компанияға еш таныссыз жұмысқа тұра алғаны ол үшін де, жақындары үшін де күтпеген қуаныш болды.
"Кеңсеге өз түйіндемемді тастап кеткен болатынмын. Маған бірден хабарласып, жұмысқа кірісе беруімді сұрады. Бар-жоғы 60 мыңға жұмыс істесем де, бұл жұмыс маған ұнайтын. Себебі ірі компаниядан еңбек өтілін алу үлкен жетістік еді. Бөлім директорымен жақсы қарым-қатынаста болдым. Кей кездері үйіне барып, интернетін жөндеп беретінмін. Көп ұзамай жалақым 80 мыңға жоғарылады", - деп есіне алды жігіт.
Бір күні бас заңгердің туған күніне орай той болады. Сол тойдан кейін Темірланның жұмыстағы жағдайы өзгерген.
"Кеңседе бәрі тойлата бастағанда мен тезірек үйге кетіп қалуды ойлап отырдым. Себебі жасы менен әлдеқайда үлкен әріптестерім ішіп алып, ұятсыз әңгімелер айтуға көшті. Алайда кетіп бара жатқан жерімнен мені той иесі тоқтатып, бірге темекі шегуге шақырды. Өзінің темекі шеккенін басқаларға көрсеткісі келмеген әйел менен автотұраққа баруымызды сұрады. Тұраққа барып тұрғанымызда, ол аяқ асты шешіне бастады. Жаз кезі болатын. Үстіндегі киімін, шалбарын шешіп, тек іш киіммен қалды. Сөйтіп мені өз көлігіне шақыра бергенде, мен асығыс ол жерден кетіп қалдым. Әлгі әйел тұрақта сол күйі жалаңаш қалды", - деп есіне алды Темірлан.
Осы жайттан кейін Темірлан әріптестерінің оған жаман көзбен қарай бастағанын байқаған.
"Әлгі әйелдің жақын құрбысы болып келетін өзге басшыларымның бірі маған бір ай бойы болмашы дүниелерге айқайлап, тыныштық бермейтін болды. Өзге әріптестерім де маған жабыла бастады. Шыдамай жұмыстан кету туралы арыз жазып, шығып кеттім", - дейді Темірлан.