Қаралы үйге аяқ киіммен кірген қорғаныс министрі мен облыс әкімі сынға қалды (фото)
2017 ж. 22 ақпан
3492
4
Қар көшкінінен көз жұмған сарбаздың қаралы үйіне барған Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев елдің сынына қалды. Белгілі журналист Серік Абас-Шах шенеуніктердің қайғыдан қан жұтып отырған отбасының шаңырағына аяқ киіммен кіргеніне наразылығын жеткізді, - деп хабарлайды Қазақ Үні.
Қорғаныс министрі пен Жамбыл облысының әкімі қар көшкінінде боздағынан айрылған отбасының шаңырағына кіріп, көңіл айтыпты. Фотоға назар аударыңыз: Екі дөкей үйдің төріне аяқкиімін шешпей шығыпты.
АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ СҰРАҒЫ:
Сәкен Жасұзақов пен Кәрім Көкірекбаев бөтен үйдің табалдырығын аттағанда аяқкиімін неге шешпеген?
ЖАУАП НҰСҚАЛАРЫ:
1.Олар өз үйінде де аяқкиіммен жүреді. 2.Екеуінің де "нәскилері" жыртық. 3.Олар екі түсті "нәскилерінен" ұялғансып отыр. 4.Бұлар ұйықтағанда да аяқкиімін шешпейді. 5.Олар өздерін европалықтар сияқты сезінеді. 6.Олар өздерін кезекті бір жиынға келгендей сезінуде. 7.Бас киімдерін шешкеніне де шүкіршілік. 8."Аяғы жаман төрді былғар..."
Ескерту: Серік Абас Шахтың жазбасы еш өзгертілмеген күйінде жарияланып отыр.