Тағы екі шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды
2017 ж. 21 ақпан
2288
1
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алғаны үшін бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Ақмола облысында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ж. Қалабаевтың қылмысы әшкереленді. Ол құрылыстық мердігерлік шартын жасауға жең ұшын беру үшін 2,5 млн теңге сомасында пәтерді жөндеу түрінде мүліктік пайда таппақ болған.
Ал Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бекеті бөлімінің басшысы С. Шегай ұсталды. Ол 5,5 млн теңге мөлшерінде анықталған кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шаралар қолданбау үшін кәсіпкерден 3 мың АҚШ доллар пара алған.
Қазіргі уақытта екеуі де ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.