Сауд Арабиясы аса қауіпті «тәкфіршіні» Қазақстанға қайтарды
2017 ж. 21 ақпан
3307
1
18 ақпанда ҰҚК бағдарлауы бойынша Сауд Арабиясынан Қазақстанға республика азаматы А. Абдужаббаров қайтарылды деп хабарлайды ҰҚК-нің ресми сайты.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары шеңберінде оған қатысты тұтқында ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.
Тергеу ақпараты бойынша Абдужаббаров 2000 жылдары Қазақстанның батыс облыстарының діндарлары арасында «тәкфір» аталмыш идеясын таратқан.
Жалған уағыздаушының әрекеті Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жасырын радикалды ұйымдардың пайда болуына ықпал еткен.
Оның кейбір ізбасарлары елімізде террористік акцияларды жасауға қатысқан. Өзгелері содырлардың топтарына қосылу үшін Ауғанстан мен Сирияға шығып кеткен.
Абдужаббаров 2006 жылдан бері Сауд Арабиясында болып, Қазақстандағы мұсылмандар мен шетелде оқып жатқан студенттерге ықпал етуін жалғастырған.
Алайда, 2015 жылдың желтоқсанында экстремисттермен байланысы бар күдікті ретінде Медина қаласында полицияның қолына түскен.
2016 жылдың қазанында Түркияға шығарылып, ол жақта саяси баспана беруден бас тартып, Сауд Арабиясына қайтарылған.
«Тәкфірді» ұстанушылар алдымен мұсылмандарды күпірлікпен айыптайтыны белгілі. Олар «сенімсіздерге» қатысты кез-келген әрекет, тіпті өлтіруге де рұқсат етеді.
Осыған орай аталған идеология ислам әлемінде басты қатердің бірі ретінде қарастырылады.