Парақор әріптестерінің ақталғанына қуанған полицейлер, сотта қол шапалақтады (фото)
2017 ж. 15 ақпан
2188
0
Қостанайда парақорлық үшін сотталған полицейлер сот залында босатылды. Қарабалықтағы «Рубеж» бекетінің бұрынғы қызметкерлері өткен жылдың жазында 107 мың теңге пара алғаны үшін ұсталған. Енді олар 18 миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Наш Костанай» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сотта тек Алмат Қабенов өз кінәсін мойындамады. Өзге екі полицей Қабеновтің қатысы жоқ екенін растағанымен, айыптаушы тарап оның да кінәлі екенін алға тартты. Нәтижесінде Қабенов жеті мың теңге пара алды деген айып бойынша ғана кінәсіз деп табылды.
Сот үкімі бойынша, Арман Көпжасаров 7 миллион 490 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс (параның 70 есе үлкен сомасы). Ермек Исанов — 5 миллион 589 мың теңге, Алмат Қабенов — 5 миллион 99 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Сот екі айыпталушының жеті ай бойы қамауда отырғанын, ал Көпжасаровтың сол уақыт аралығында үйқамақта болғанын ескерді. Сотталушылардың бәрі шенінен айырылып, құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан шеттетілді.
Сот үкімі шығарылған сәтте сотталушыларды қолдауға Қостанай облыстық ІІД полицейлері келді.
Судья Қабеновтің бір айып бойынша ақталып шыққанын мәлімдегенде, әріптестері қол шапалақтай жөнелді. Сонымен қатар сотталушылар сот залында босатылғанда да қол шапалақтап, ризашылықтарын білдірді.