Кітапханашылар Елбасы жолдауына үн қатты
2017 ж. 09 ақпан
4104
0
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауы туралы өз пікірлерін білдірді. Бұл туралы Қазақ Үні порталы хабарлайды.
Талдыбек Нұрпейіс, т.ғ.к., ҚР ҰАК ғалым-хатшысы:
Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан кейін азамат ретінде өзімнің түйген пікірімді білдіргім келеді.
Қазақстан шынында да, ширек ғасырда әлемдік алпауыт мемле-кеттермен иық тірестіре алатындай дәрежеге жетіп, қыруар іс тындырды. Елімізде үлгілі дамудың өзіндік моделі қалыптасты. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімі орнықты. Оны еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін айтып жүр. Қазақстандықтар өзінің ертеңіне, туған елінің болашағына сеніммен қарайды. Биылғы Жолдау әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеткен жетістіктерімізді одан сайын еселей түсуге бағытталған.
Қазіргідей жаһандық дағдарысты еңсерудің жолдары қарастырылып жатқан тұста Жолдауда айтылған сан-қырлы ұсыныстар ерекше маңызды. Себебі, ол жалпы экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау береді деп білемін. Бұл маңызды құжат, ең алдымен, ұлттық экономиканы көтеруге, халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді.
Жолдаудағы экономикалық бөліктің мәні шикізат экспорттайтын негізгі салаларға ғана емес, сонымен қатар жаңа жоғары технологиялық, озық бастамаларға да негізделген экономикалық өсудің жаңа моделіне көшудің ұсынылатынында. Бұл Қазақстанға аталған бастама сәтті іске асырылған жағдайда әлемдік тауар нарықтары конъюнктурасына тәуелділіктен шығып, болашақта әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілікті айқындайтын анағұрлым перспективалы технологияларды дамытуға және жаңа саланың жоғары қарқынмен өсуі есебінен даму жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Президент шетел инвестициясын тартуда Қазақстанның көшбасшылығын сақтап қалуды тапсырды. «Бұл жұмыс инвестиция тарту жүйесінің үйлестіру реформасы аясында жүзеге асырылады. Бірінші қыркүйекке дейін инвестициялық стратегияны қабылдау қажет» деп нақтылағанын көріп отырмыз.
Сонымен қатар шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңыздылығын көрсетіп берді. Расында, шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс. Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдық жоспарын «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен үйлестіруді тапсыру және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауды тездетуді ұсынуы қуантады. Кәсіпті бастау үшін кез келген адамға қаржы керек. Ендігі уақытта мемлекет өзі кәсіп ашамын деген жандарға 16 млн теңге көлемінде несие бермекші. Міне, бұл шын мәніндегі қолдау, қарапайым адамдарға жасалған зор мүмкіндік.
Халық ықыласпен қарсы алған Жолдау «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Қазақстан – 2050» стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін барша қазақстандық қоғамды бір мақсат, бір мүддеге топтастыра алатын аса қуатты күшке ие болады деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында елде үшінші жаңғыру басталғанын мәлімдеді. Бұл ЕАЭС бойынша және бүкіл Еуразияның даму келешегі үшін Қазақстанның одақтастары көзқарасымен қарағанда өте маңызды құжат.
Маргарита Кенжеева, Қорларды құру қызметінің жетекшісі:
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – еліміздің ары қарайғы дамуының алғышарттарын көрсететін және қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін, ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат екені анық,
Биылғы Жолдаудың негізгі бағыты – экономикалық өсім. Өйткені, Қазақстан заман көшінен қалмауы тиіс. Ол үшін, елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендерінің, жалпы экономикалық сала жағдайын жоғарылу қажет етіледі. Жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу мәселесін жоғарылату, бұл дегеніңіз ауылшаруашылығың, астық өндіру, оған қатысты аграрлық техника саласын дамыту, минералдық шикізаттар базасы көзін тауып кеңейту, білімді мамандарды шет елдерде оқыту арқылы, тәжірибе жинақтау деп түсінемін. Жалпы экономикалық өсім көзінін жоғарылауынан халықтың хал-ахуалының жақсаруы тиімді келеді. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу арқылы жер қойнауы астындағы қазба байлықтарымызды іздеу арқылы пайдаға жарата білу, оларды өңдеу, шет елге экспортқа шығарып, бизнес саласын дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылатуға да әсерін тигізуіне де жол ашуы даусыз.
Сонымен қатар, қазақстандық экономика қарқынының өсуін, орташа әлемдік деңгейден жоғарылатып, Қазақстанның жетекші 30 елдің қатарына кіруде түрақты ілгерілеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Ал, кітапханашылалырдың осы тұрғыда мақсаты – жаңа жолдауды қолдай отырып, әр оқырманның жүрегіне жеткізу, сапалы ақпараттық қолдау көрсете отырып, білімін жетілдіру болып табылады.
Мөлдір Төлепбайқызы, ҚР ҰАК баспасөз хатшысы:
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту аясында 18 шара қарастырылған, олар ең жақсы бизнес ортаны қалыптастыруға және мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендетуге бағытталған. Аймақтық деңгейде жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша қалалар мен аймақтардың рейтингі енгізіліп, оларға арнайы сыйақы тағайындалады. Қазақстанның Үшінші жаңғыруында бизнес шешуші рөл атқаруға міндетті болады. Президент айтқандай, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін қысқарту ең маңызды шаралардың бірі болуы керек және бұл тек электр энергиясына, байланысқа, логистикаға, коммуналдық шығындарға ғана емес, сонымен қатар, әкімшілік шығындарға қатысты дейміз. Эконо-микадағы мемлекеттік сектордың функциялары барынша жеке бизнеске өтуі тиіс. Кез-келген бастапқы бизнестің қалпын құруға 16 млн. теңгеге дейін бөлінетін үкіметтен көрсетілетін көмек түрі Қазақстандық қай кәсіпкерді болсын бей-жай қалдырмады. Бұл бастама жақсылықтың нышаны, жүйелік деңгей бәрімізді қуантады.
Майра Аманбек, Ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі:
Жаһандану заманында ең қиыны өмірде дұрыс жол таба білу. Бұл әрбір адамға да біздің қоғамға да қатысты. Елбасымыз бізге осындай қиын да жауапты сәтте жыл сайын Жолдау арқылы дұрыс жол көрсетіп, бағыт беріп отырады.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы – еліміздің тарихи белесін жаңа кезеңге бастайтын өте маңызды құжат. Ең бастысы Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Енді бізге жүктелген мәселе сол бағыттарды халыққа жетікзіп, яғи кітапхана оқырмандарына насихаттау, түсіндіру, насихат жұмыстарын қолға алу. Жәнеде өз саламызға қатысты бағыттарды дамыту.
Жолдау неге «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады. Соған тоқталып өтсем, баршамызға белгілі Қазақстанның Бірінші жаңғыруы – ол 25 жыл бұрын КСРО-ның құрамынан шығып, өз алдымызға дербес мемлекет болуымыз, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құруымыз және сол жолды еңсеріп, аз шығынмен, үлкен жетістіктерге жетуі.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнді сан ғасырлар бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке бейбіт түрде қол жеткізіп, еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. Тәуелсіздік – біздің еліміз бен халқымыздың басты мұраты, біздің тарихи таңдауымыз бен тағдырымызды айқындауымызға берілген зор мүмкіндік болды.
Тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралды, ұлттық салт-дәстүріміз жандана бастады. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең туып, Елбасымыздың бастамасымен мәдениетіміз қайта түледі.
Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижесін барлық қазақстандықтар, әсіресе астаналықтар – сіз бен біз куәміз. Оған қоса әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіруі.
Және үшінші сол жолдарда жиған тәжірибемізді жинақтап, батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Ол – «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын жол. Яғни, әлемнің дамыған 30 озық елдің қатарына қосылу.
Айман Есенжолқызы, Ғылым, сирек кітаптар және манускриптер қызметінің жетекшісі:
31 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы жаряланды. Осы Жолдауда Елбасымыз Қазақстанның бүкіл жетістіктерін айтты. Жаңғырту жолдарындағы бұл мәлімдемесі біз үшін өте маңызды және ерекше болып отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері экономикамызды құру үшін жаңа институттар, жаңа бағдарламалар әзірлеген болса, енді біз жаһандық экономиканың қауіп-қатерлеріне жауап беру үшін жаңа экономикалық модельді ойлап табуымыз қажет. Соның ішінде Ұлттық қор қаражатын көлемін 2020 жылға дейін кезең кезеңімен тыйымды пайдалану және де, салық саясатын бизнестің қарқынды дамуына жағдай жасау жолдарын кеңейту керектігін атап өтті.
Жолдаудың әрбір кезеңі экономикамыздың дамуында айқын бағыт-бағдар көрсетіп, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.
Күләш Оразова, Оқырмандарға қызмет көрсету қызметінің жетекшісі:
Экспорттық өндірісті дамыту мен кеңейту экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер мен экономиканың экспорттық секторын дамытуға ұзақ мерзімдік жеңілдетілген несиелерді беру қолға алынса. Кәсіпорынның табысты қызмет етуі, шығарылатын өнімнің сапасын көтеру, өндірістік қуатты ұлғайту, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне қол жеткізу және рыноктағы орнын нығайту. Ғылымды қажет ететін импорттық өнімдердің бірқатарын шектеу керек. Шетелдік фирмаларға осындай өнімдерді біздің елде шығаруына жол ашуымыз қажет. Бірақ шығарылатын заттың бір бөлігі отандық заттардан құралуы қажет. Осылайша отандық өндірістің үлесін көбейте отырып, ғылымды қажет ететін өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік туады.
Нурбала Текесбаева, Руководитель Службы обработки документов:
Пятый приоритет –институциональные преобразования, безопасность и борьба с коррупцией.
Под институциональными преобразованиями понимается изменение формальных и неформальных условий хозяйственной деятельности. Эта система мер включает прежде всего разработку и применение законодательства, соответствующего рыночным условиям хозяйствования. К институциональным преобразованиям обычно относят изменение отношений собственности (создание частного сектора), формирование новых организаций и учреждений рыночного типа (коммерческих банков, товарных и фондовых бирж, инвестиционных фондов и др.), а также создание новой системы управления народным хозяйством (путем замены административных рычагов экономическими, прежде всего бюджетными и налоговыми)
Президент в Послании отметил, что необходимо обеспечить работу по имплементации лучших практик и рекомендаций Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР). ОЭСР – международная экономическая организация развитых стран, признающих принципы представительной демократии и свободной рыночной экономики. Имплементация лучших практик и рекомендаций, т.е. необходима фактическая реализация международных обязательств на внутригосударственном уровне, а также конкретный способ включения международно-правовых норм в национальную правовую систему. Принципы представительной демократии предполагает, что управление государством делегируется различными представительными органами, члены которых избираются гражданами. Представительная (репрезентативная) демократия является ведущей формой политического участия в современных государствах. В своем обращении народу Казахстана 26 января 2017 года, Президент Казахстана- Назарбаев Нурсултан Абишевич заявил о перераспределении полномочий между ветвями государственной власти. Предстоящая реформа состоит в серьезном перераспределении властных полномочий, демократизации политической системы в целом. Значительно усилится роль Правительства и Парламента. Казахстан будет развиваться в сторону демократического развития. Сейчас всенародно обсуждается проект конституционных реформ.
Второй принцип ОЭСР - свободная рыночная экономика, основанная на принципах свободного предпринимательства, многообразия форм собственности на средства производства, рыночного ценообразования, договорных отношений между хозяйствующими субъектами, ограниченного вмешательства государства в хозяйственную деятельность субъектов.
«Мы проводим реформы, направленные на защиту частной собственности, верховенство права и оьеспечение равенства всех перед законом» отметил Президент Республики Казахстан Н. А. Назарбаев.
Это направление деятельности является очень важным в достижении поставленных целей. «Для того, чтобы все ветви власти работали эффективно и ответственно, важно создать между ними соответствующие балансы и противовесы» .
Наталья Калашникова, Руководитель службы науки, менеджмента и маркетинга НАБ РК:
Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана от 31 января 2017 г. «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» - это стратегический документ прагматической направленности.
Президент страны дает четкий посыл обществу о необходимости создания новой модели экономического роста, особо подчеркивая, что те народы, которым удастся опередить будущее, решительно пойти навстречу вызовам, окажутся победителями.
В нем сделан детальный анализ результатов и достижений двух сложных этапов модернизации экономики и политической ситемы.
В Послании четко и логично выстроена мысль о том, что основным концептами двух предыдущих модернизаций было – в основном привлечение инвестиций в Казахстан, создание всех необходимых условий по расширению привлекательности Казахстана в мировой экономике с его особым инвестиционным климатом.
Предстоящая Третья модернизация в глобальной системе, старт которой и дан в Послании, это своего рода транзит результатов и достижений Казахстана в глобальное пространство, с активной экспортной ориентацией.
Эффективная реализация Стратегии – 2050, «Плана Нации – 100 конкретных шагов», составит базис Третьей модернизации и предстоящих в ее рамках реформ в разных отраслях экономики и социальной политики. В этой связи в Послании обозначен реальный тренд - получение экономической отдачи от результатов инвестирования.
Все идущие и предстоящие процессы экономического реформирования, означенные в Послании, не могут быть результативными без решения комплексной задачи – модернизации рынка труда с внедрением новых технологий.
В ряду актуальных задач – развитие бизнес-среды. Данные Президентом поручения позволят активно продолжить развитие продуктивной занятости, массового предпринимательства,
микрокредитования, особенно в сельской местности, что сможет решить многие вопросы социально-экономического развития на селе, привлечь специалистов и инвесторов, в том числе молодежь.
Быстро идущие процессы обязывают каждого казахстанца, для которого направлен комплекс мер и состоит глубинный смысл новой модели экономического роста страны, активно включиться в развитие успешного государства с выстроенной системой современных рыночных отношений и уникального человеческого капитала.
В ряду предстоящих реформ, подчеркнутых в Послании в виде основных приоритетов, - институциональные преобразования, безопасность и борьба с коррупцией, составляющие основу мерила сильного и дееспособного государства.
Послание – это, образно говоря, учебник нового поколения и мирового уровня по макро и микро экономике, в котором каждый может найти ответ на вызовы времени, увидеть параметры своего личного участия и компетенции в дальнейшем построении Нации Единого Будущего.
qazaquni.kz