«Біз түбінде жеңіске жетеміз!»
2017 ж. 01 ақпан
4440
0
«Қазақ үні» газетінің 2016 жылғы 6-желтоқсандағы санында «Балаң сотталады! Кінәсі болмаса да!» деген мақала басылған еді. Онда Қылмыстық түзету жүйесінің ОҚО Сайрам ауданындағы Пробация мекемесінде инспектор болып істейтін Ө.Бөртебаевтың жазықсыз сотталғаны жайында жазған болатынбыз. Бүгін біз сол мақаланың жалғасын бермекпіз.
Аталған іс бойынша апелляциялық алқа сотының алғашқы отырысы 2016 жылдың 30-қарашасында өтті. Ол отырыс алқаның Ө.Бөртебаевтың әкесі Ш.Бөртебаевты ұлының қорғаушысы деп таныған қаулы қабылдауымен аяқталған еді.
Сол отырыстан соң біз апелляциялық алқа шешімі шыққанға дейін бірнеше өтініш хат түсірдік. Заңға сәйкес оны беруші адам өзі оқуы, ал, алқа оларды қанағаттандыратыны немесе қанағаттандырмайтыны туралы қаулы қабылдауы тиіс. Соның ішінде біз сотталған Ө.Бөртебаевтың апелляциялық алқа сотының отырысына қатысуы қажеттігін негіздеген өтінішіміз де бар. Төраға З.Пірнияз біздің бұл өтінішімізді екі рет қанағаттандырмай тастады. Пірнияз мырзаның уақыты жоқ па, бірақ, заңды білмейтін болып көрінді. Себебі, ол сотталған адамды бұл сот залына сотталушының жағдайын ауырлататын мән-жайға ғана қатысты әкелуге болады дейді. Бейнетаспада ол сөзі жазулы тұр. Бірақ, бұл – ескі ҚР Қылмыстық процесуалдық кодексі талабы. Ал, былтырдан бастап күшіне енген ҚР Қылмыстық процесуалдық кодексінің 428-3-бабы былай дейді: «Апелляциялық сатыда, егер бірінші сатыда қаралмаған, жаңадан ашылған мәселелерді зерттеу кезінде, сотталғанның апелляциялық алқа отырысына қатысуы міндетті». Және бұл жағдайда хаттама жазылуы да міндетті. Басқа жағдайларда хаттама жазылмайды, тек отырыс бейнекамераға түсіріледі. Сондықтан, алқа төрағасының біздің бұл өтінішімізді қанағаттандырмай, заң талабын айналып өтуге тырысқаны оның бірінші саты сотының шешімін өзгертпеуге тырысқаны деп бағалаймын. Ө.Бөртебаевты сотқа алдырған жағдайда бұрын беймәлім болып келген көп жайдың ашылуына көз жеткіземіз деген ой болды менде. (Біз интернеттен ҚР ҚПК-тің қазақша нұсқасын таба алмадық, сол себепті орысша беруге мәжбүр болып отырмыз – автор. УПК РК.Ст.428-3: «Вопрос о вызове в судебное заседание осужденного, содержащегося под стражей в иных случаях решается судом апелляционной инстанции. Участие осужденного (оправданного) в заседании апелляционной инстанции обязательно при исследовании судом новых доказательств, которые не были предметом рассмотрения в суде первой инстанции. Рассмотрение дела в таких случаях в отсутствие осужденного (оправданного) допускается при наличии обстоятельств, указанных в статье 335 настоящего Кодекса»). Бірақ, төраға З.Пірнияз сот отырыстарын жұмарлап, сотты тезірек бітуге асықты. Тіпті, ол соңғы отырыста біздің жақтың адамдарының толық сөйлеуіне мүмкіндік те бермеді! Ол отырысты жауып тұрып бара жатқанда, Ө.Бөртебаевтың адвокаты Е.Дәуренбеков: «Төраға мырза, сіз маған неге сөз бермей кетіп бара жатырсыз?» айқай салуға мәжбүр болды. «Сіз сөйлеген жоқсыз ба?» «Жоқ, сөйлеген жоқпын! Біз екі адвокатпыз ғой, сөйлеген К.Тәшенова». Төраға орнына қайтып келіп отырды...
Е.Дәуренбековтен соң екінші жәбірленуші сөйледі. Бұл жерде тағы мынадай нюанс бар. Сотталушылардың біріне сот залына келмеуіне байланысты сот барысында бір рет отырыс кейінге қалдырылды. Заң бойынша, егер судья екінші сотталған адамның да мүддесі қозғалады деп өзі шешім қабылдамаса, олардың сотқа қатысуы мндетті болып саналмайды. Келіп отыруына болады, оған толық құқы бар, бірақ, бұл міндетті талап емес.
Мен, сондықтан, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтің атына бүгін судья З.Пірнияз Т.Әбдіхалықовтың апелляциялық сотқа қатысуға құқығы болғанымен апелляциялыш шағым жазбағандықтан, ол жайлы алқа төрағасының арнайы қаулысы қабылданбағандықтан, соттың кейінге қалдырылуы заң талабын бұзушылық болатынын айтып арыз жаздым.
Мен бұл әрекеттің артында мынадай қулық тұр деп ойлаймын. Өйткені, біздің дәлелдерімізге Т.Әбдіхалықовтың адвокаты жауап беру керек қой. 2016 жылы 27-қаңтарда Т.Әбдіхалықов пен Б.Шодиметов арасындағы әңгіме жасырын тыңдалып, ол аудиожазбаға жазылған. Ал, қылмыстық істе сол әңгіменің стенограммасы бар-дағы, аудиожазбаның өзі жоқ! Біз Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасының басшысы Сүлейменовке сол аудиожазбаны іске тіркеңдер деп талап етіп жатырмыз, бірақ ол талабымыз әлі орындалған жоқ. Бұл жайлы ертең мен ҚР Ішкі істер министріне арыз жазамын.
Осынау стенгораммасы бар, бірақ, негізгі дәлелдің өзі жоқ болса да, тергеуші мен сот осыған сүйеніп Ө.Бөртебаевты кінәлі деп таныған. Яғни, айыптау қорытындысы тек қисынға ғана құралған. Сол стенгораммада түсініксіз түрде Ө.Бөртебаевтың аты аталады. «Соған апарып бер» дегендей. Бірақ, ең басты факт: Ө.Бөртебаевтың Б.Шодиметовке «ақшаны әкел!» деген сөзі жоқ! Негізі, аудиожазбасы жоқ стенгораммаға нені жазуға болмайды, бәрін жазуға болады...
Кім қандай дәлел келтірсе де, ол адам бұл дәлелдемелерді заңды жолмен алғанын растауы керек. Мен, сондықтан, күн сайын қорғаушы Ш.Бөртабаевтың атынан сауал (запрос) жіберіп жатырмын. Оған жауап беруге сауалды алған кез-келген мекеме нақты, шынайы жауап беруі тиіс. Бермеген жағдайда оның үстінен сотқа арыз жазып, іс қозғатуға болады. Жалпы, мен кәзір Ш.Бөртебаевты соттың «қорғаушы» деп тануы, сол арқылы өзінің баласын ақтап алу үшін жан-жаққа сауал жіберіп жатқан ісім адвокаттық салада төңкеріс жасайды деп ойлаймын. Ресми адвокаттардың соттармен екі арадағы қатынасын сотталушылар үшін бұзбайтыны, бұзып алып жеп отырған нанынан айрылғысы келмейтіні жұрттың бәріне белгілі. Олар бір өзіне пәленбай істі алып алады-дағы, негізі міндеті сот үдерісне қатысу сияқты жүреді. Ең бастысы – түртінектеп деректер мен дәлелдемелер іздеу екенін біліп тұрса да ондай қара жұмыспен айналысқылары келмейді.
Кәзір Ш.Бөртебаев «қорғаушы» деген мәртебеге ие болған бір жарым айдың ішінде бір өзі он адвокат жіберетіннен көп сауал мен өтініш жасады. Кеңестік заман кезінен қалған, ресейлік заңдардан көшіріп жазған заңдарымыз жаман емес. Жаман мына біздің өзіміз – сол заңдарды шұқылап, бүге-шүгесіне дейін талдап оқымаймыз, заңда беріліп тұрған мүмкіндіктерді заң шеңберінде толығымен пайдалануға тырыспаймыз, сөйтеміз-дағы алаяқ адвокаттарға жем боламыз да жүреміз. Әрине, көпке топырақ шашудан, адвокаттардың бәрі бірдей сондай деуден аулақпын. Біздің жақсы заңдарымызды билік жаманға айналдырып үлгермей жатыр...
Осы тұста Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бір сөзі маған қатты ұнайды. Ол кісі «қоғамды іске жекпей, біз ешбір ісімізде, бастамамызда табысқа жете алмаймыз» дейді.
Біз кәзір жаңадан ашылған мән-жайларға қатты көңіл бөліп жатырмыз. Олар аз емес. Біразын облыстық соттың кеңсесіне тапсырып та қойдық. Сол арқылы апелляциялық соттың шешімін қайта қаратуға әрекет жасап жатырмыз. Және бәрін бірдей де шығарып жатқан жоқпын, апелляциялық соттан кейін кассациялық сотқа баруға тура кеп қалар, сол кезде олар керек болады... (УПК РК .Ст.499-2. Основаниями возобновления производства по вновь открывшимся обстоятельствам являются:
1) установленная вступившим в законную силу приговором суда заведомая ложность показаний потерпевшего или свидетеля, заключения эксперта, а равно подложность вещественных доказательств, протоколов следственных и судебных действий и иных документов или заведомая неправильность перевода, повлекшие за собой постановление незаконного или необоснованного приговора или постановления;
2) установленные вступившим в законную силу приговором суда преступные действия дознавателя, следователя или прокурора, повлекшие постановление незаконного и необоснованного приговора, постановления;
3) установленные вступившим в законную силу приговором суда преступные действия судей, совершенные ими при рассмотрении данного дела)».
Сөзімнің соңында осы іске арналған баспасөз мәслихатынан екі адамның сөзін келтіре кетейін.
Сотталған Ө.Бөртебаевтың әкесі әрі қорғаушысы Ш.Жандарбеков: «Менің баламды аға инспектор етіп қояды, Тахир Әбдіхалықовты жай инспектор етіп көрсетеді. Кеше апелляциялық сотта Сайрам аудандық сотынан 23.09.2016 жылғы соттың бейнежабасы болмаса да, хаттамасын беріңдер деп алдыра алмай жүрміз...»
Ө.Бөртебаевтың адвокаты Е.Дәуренбеков: «Ө.Бөртебаев пара алу, пара беруге оқталу және алаяқтық (біреудің сеніміне кіріп, оның мүлкін иемдену) деген үш баппен сотталады. Ол қылмысты атқару жүйесінде пробация қызметкері болып істейді. Сотталған Шодиметов мені жазамды толық орындаудан ертерек босатсаңыз деген өтініш жазады. Оны «бақылауда жүргенде ешқандай тәртіп бұзбады, түзелді, бұл адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға болады» деп жақсы мінездеме жазып, ұсыныс жасайтын пробация қызметкері. Біздің жағдайымызда Ө.Бөртебаев. Оғана Шодиметовке дұрыс мінездеме жазып бергеніне 100 мың теңге пара алды деп, б)ол параны соттармен бөлісемін деген, яғни пара беруге оқталды деп және в)алаяқтық деп, бір қылмыстық эпизод үшін 3 бірдей айып тағылып отыр. Бұл сот тәжірибесінде сирек кездесетін құбылыс. Біз, қорғаушы жақ ретінде ол «осы үш айыптың біреуімен ғана айыпталуы мүмкін еді, ал, шын мәнінде оның іс-әрекетінде ешқандай қылмыстық белгі жоқ» деп санаймыз. Неге? Мен алғашқы сот процесіне қатыспасам да, іс құжаттарымен толық таныстым. Бақылауда жүрген, пара беруші адам ІІБ Өзіндік қауіпсіздік сақтау басқармасына (ӨҚСБ) «пара талап етіп жатыр» деп, пробация қызметкерінің үстінен арыз жазады. Сол уақыттан бастап Басқарма әлгі қызметкерді бақылауға алады, телефоны тыңдалады, сотталған адаммен екеуінің қарым-қатынасы жасырын бейнекамераға түсіріледі, қысқасы оның қылмысын дәлелдеу үшін барлық тиісті құпия іс-шаралар қолға алынады. Осы құпия іс-әрекеттің бәрі стенограммаға түсіріліп, кейін қылмыстық іске тіркеледі. Ал, Шодиметов пен Бөртебаевтың арасында пара жайлы ешқандай әңгіме іске тіркелмеген. Әңгіменің бәрі екінші инспектор Тахир Әбдіхалықовпен екі арада болған. Ол әңгімелерден Абдіхалықовтың Шодиметовтен ақша талап етіп отырғаны көрінеді. Бұл бір.
Бейнежазбада пара әкелген Шодиметов ақшаны кімге берейін деп сұрағанда Абдіхалықов іште Бөртебаевқа бере салсайшы деген сөзі жазылған. Бөртебаев бұндай жайдан хабарсыз, содан бір күн бұрын әйелі босанған, түнімен ұйықтамаған, түскі демалыс кезінде орындықтар үстінде ұйықтап жатады. Шодиметов ақшаны іс-қағаздардың арасына салады, «мына сізге Әбдіхалықов бер деді» дейді-дағы Бөртебаевқа ұсынады. Ол қағаздарды алады, бірақ, ішін ашып қарамаған. Оның қателігі – сол. Бөртебаев тарапынан ақша жайлы басқа ешқандай сөз, әрекет, қимылы бейнежазбада жоқ. Шодиметов шығып кеткеннен кейін Әбдіхалықов кіріп келеді де, «ұсынысты жазайық, сен айтып тұр, мен компьютерде терейін» дейді. Қағаздарды ашқан кезде арасынан ақша шығады. Әбдіхалықов Бөртебаевқа қарап: «Мынау не?» деп сұрайды. Сол кезде сырттан ӨҚСБ қызметкерлері кіріп келеді. Бөртебаев қағаздарды итеріп қалғанда, ақша жерге шашылып кетеді. Бұл – бейнежазбада көрініп тұр. Ол ақшаның бір де біріне Бөртебаевтың ешқандай қолының табы түспеген. Оқиғаның бар болғаны – осы!
Судья Қабылова үкімді жәбірленуші Шодиметовтің тергеудегі «менен Бөртебаев ақша сұрап жатыр» деген өзінің әйеліне айтқан, «ай сайын бұлар менен ақша сұрап жатыр» деп бір таксистке айтқан жалаң сөзіне ғана сүйеніп шығарған. Істе «сіз бен Бөртебаевтың арасында ақша жайлы сөз бейнежазбада жоқ қой» деген секілді сұрақтар жоқ, оны судья Шодиметовке қоймаған ба, мен бірінші сотқа қатыспаған соң ол жағын айта алмаймын».
Жаңабек Әбішев,
заңгер
P.S. Судья Қабылованың хатының фотокөшірмесін беріп отырмыз. Бұрын соттар бізге «23.09.16 күні сот отырысы болған жоқ» деп келген еді...
qazaquni.kz