Универсиада-2017 қай елде өтіп жатыр?
2017 ж. 30 қаңтар
2707
1
Қазақтың өз елінде тілінің қадірі кеткені, тіпті, жылдан-жылға қолдану аясы тарылып, жойылып бара жатқаны туралы айтылмаған сөз қалмады. Бірақ өз елінде қазақтың айтқан сөзі «Ит үреді, керуен көшедінің» күнін кешіп отырғанын енді еш нәрсемен жуып-шая алмаймыз. Бұл – қазақты қорлаудың, ал маған не істейсің деген тасырлықтың ең басты дәлелі. Бүгін «Алматы ақшамы» газетінен «Алматылықтар Универсиаданы 24 мекемеден тамашалай алады» деген хабарландыруды көрдік (26.01.2017).
Хабарда былай деп жазылған:
«Алматыда Универсиада-2017 спорттық іс-шарасын эфир арқылы тарататын қоғамдық тамақтандыру орындары нақтыланды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары спорттық жарысты арнайы сертификат алған 24 мекемеден тамашалай алады...
Универсиаданы көрсететін қоғамдық тамақтану орындары:
№ Нысанның атауы: Мекен-жайы:
Бочонок Жандосов көшесі 40.
Entrcote Carden Абай даңғылы 46 а.
Пруссия Розыбакиев көшесі 95.
Favor әл-Фараби даңғылы 45.
Loft Тимирязев көшесі 13 а.
Карлов мост Хан-Тәңірі ықшамауданы 85.
Дом Достық даңғылы 42.
Grudo steakhouse Абай даңғылы 42.
Mad Murphus Төле би көшесі 12.
Бармаглот Сәтбаев көшесі 3.
Гранат Жамақаев көшесі 108.
Рататуй Достық даңғылы 118.
Вечное небо Бұзырбаев көшесі 23.
Korean house Гоголь көшесі 2.
Пинта Достық даңғылы 52.
Дублин Байсейітова көшесі 43.
Вахтангури Гоголь көшесі 157.
Гиннес наб Достық даңғылы 71.
Unіon әл-Фараби даңғылы 36.
Esperanza Сейфуллин көшесі 481.
Оранжевый верблюд Жандосов көшесі 98.
Базилик Шевченко көшесі 127.
Мастер Жигулев Абылай хан көшесі 46.
Hemіngway Наурызбай батыр көшесі 7/43
Қарап отырсақ, сол 24 мекеменің ішінде қазақша атауы бар бір мекеме жоқ екен. Олар «Бочонок», «Дом», «Оранжевый верблюд», «Мастер Жигулев» «Вечное небо», «Базилик», «Гранат», «Бармаглот», «Карлов мост» деген орысша, қалғандары түгел шетелдік атауы бар «мекемелер» екен. Ішімізден «өз елінде қазақ сияқты осынша намысынан айрылған ұлт жер бетінде жоқ шығар, біттің ғой қазақ» дедік те жүре бердік. Қолдан келер қайран жоқ. Тіпті, осы сөзің үшін-ақ террорист, исламист, Сирияға барғысы келген атанып кетуің де мүмкін ғой. Ал «Алматы ақшамындағылар» бұл қалай деп бір ауыз сөз айтпай осыны қуана хабарлап отыр ма екен?
Мырзан Кенжебай,
Дереккөз: Қамшы