Сара Тоқтамысова: Қазақтың әп-әдемі қыздары кинода жігіттермен аймаласып жүр
2017 ж. 27 қаңтар
4464
2
Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова ән кинода әр жігітпен аймаласып, ғашық қыздың рөлін ойнайтын актрисаларға қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
"Жаңа бір клип көрдім. Қазақтың әп-әдемі қызы. Қазақша сайрап тұр. Өткенде 2-3 кинодан көзім шалып қалып еді, әр кинода әртүрлі жігітпен құшақтасып, құшақтасқаны былай тұрсын, аймаласып образға кіріп-ақ жүр.
Енді клиптерде де түрлі жігіттермен тағы өшпес сезім, сағынып қосылған маxаббатты көрсетіп жүр, несін айтасың. Ғашық жанның рөлінде ойнаймын деп небір сипаттағы кадрлерді сомдап-ақ жүр", - деген ақын қыздардың болашағына алаңдады.
"Ертеңгі күні бұл қыз тұрмыс құрады, ана болады. Сонда жұбайымен бірге жайбарақат мына кино, клиптерін сараптап көре береді ғой иә?! Бала-шағасына "міне мен ойнаған туындылар"- деп ұялмай көрсете бере ме? Қазақтың қанша өрімдей қыздары "тура сол сияқты болсақ" деп алдына арман, мақсат қояды, қиялдайды. "Онда тұрған не бар?" деген сөйлемді көлденең қойып алады да, ар жағын біліп отырсыздар", - деп наразылығын білдірді ақын.