«Ақ жол» «Ұлттық банкке» сауал жолдады
2017 ж. 25 қаңтар
1753
0
«Ақ жол» «Қазинвестбанк» салымшылардың жолданымы бойынша Ұлттық банкке сауал жолдады – кеше Азат Перуашев фракцияның атынан депутаттық сауал жариялады.
Салымшылардың айтуынша, жеке тұлғалар бойынша операциялардың лицензиясын тоқтату және банк қызметінің лицензиясын толық қайтарып алу кезінде «Казинвестбанк» АҚ-ы тұрақты қаржы ұйымынан «өтімділігі төмен банкке айналғаны» үшін, «Казинвестбанктен» 180 млрд. теңге шығарып алғандығы туралы ресми емес мәліметтер бар.
ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков 2016 жылы 28 желтоқсанда берген түсінігінде, «Казинвестбанк» АҚ-ын лицензиядан айыру себебі ретінде «кепілдер негізінен шынайы емес активтермен, тек болашақта болатын меншіктер пен қаржыға ұсынылған деп мәлімдеді. Осындай кепілдердің үлесі «Казинвестбанк» АҚ-ның 80%-ын құрайды».
Өтініш берушілер ҚР-ның ҰБ-і қамтамасыз етілмеген несие деңгейін осындай көрсеткішке жеткізбей, алдын ала бұл үрдісті қарастыру керек еді деп есептейді. «Бұдан бөлек, арызданған салым салушылардың ойынша, ХҚЕС нормасына сай, егер Банктің проблемалық кредиттерінің деңгейі 10%-дан аспаған болса, осы көрсеткіш бойынша лицензияны қайтарып алудың өзі күмән туғызады. Осындай жағдайда болашақтағы кіріске үміттене отырып кредит беру Банктің өзінің кредитті тәуекеліне жатқызылуы мүмкін еді» дейді сауалда.
Шағымданған салым салушылардың арасындағы жеке кәсіпкерлер салымның кепілді жүйесіне қатысты мәселе қоюда олар бір салымшыға 10 миллион теңгеге дейін қамтылған деп атап өтті Перуашев. Алайда, жеке кәсіпкерлердің (олар да жеке тұлғаға жатады) салымы бұл өлшемдерден айтарлықтай жоғары – мысалы, шағымданған азаматтардың 60 млн. және одан да жоғары депозиттері болған, ол салым кепілі жүйесімен қорғалмай қалып отыр. Өтініш берушілер жеке кәсіпкерлерге жататын салымшылардың салым кепілінің нормаларын қайта қарауды сұрайды.
«Ақ жол» жетекшісі қаржылық реттеуші басшылығына «есептілік аясындағы Ұлттық банктің құқықтары мен тікелей міндеттеріне күмән келтірмейді, дегенмен салымшылармен кездесу өткізуіңізді сұрады. – Сонымен қатар келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз:
1. ҚазинвестБанк-нің лицензиясын тоқтата тұру және қайтарып алғанға дейін аралықта қаржыны шығарып алғаны туралы ақпарат қаншалықты расталған ақпарат, және ол қаншалықты заңды іс-әрекет?
2. ҚР Ұлттық Банкі ҚазинвестБанкінде қашан және қай күні «сапасыз қамтамасыз етілген несиенің» өсу тенденциясы 80% дейін жетті? Мәселен, Банктің қоржыныңда бұндай несиенің үлесі 50%-дан қашан асты? Осындай несиелерге заңнамалық тұрғыда көрсетілген шекті параметрлер бар ма, неге реттеуші сол жағдайда лицензияны қайтарып алмаған? Басқа ЕДБ бойынша олардың көрсеткіштері қандай?
3. «ҚазИнвестБанкінің» лицензиясын тоқтата тұруы кезінде проблемалық несиелердің үлесі жалпы алғанда Банктің қоржынында қанша болды? Құрметті Данияр Талғатұлы, сіз жеке өзіңіз бір ай бұрын банкке деген салық жеңілдіктерін талқылау кезінде депутаттарды ХҚЕС талаптары бойынша 10% болып тұрғанда, ал жұмыс істемейтін несиелер 8,4% құрайтынын айтқансыз. Казинвестбанк осы индекатордан асты ма, егерде жоқ болса – лицензияны қайтарып алуға қандай негіздер себеп болды?
4. Егерде заңнамалық тұрғыда «сапасыз несимен қамтамасыз ету» үлесінің шегі болмаса, ал Казинвестбанктің жұмыс жасамайтын несиелер шегі нормаға сай болса, онда болашақта түсетін түсім есебінен несиемен қамтамасыз ету, мысалы, ірі серіктестер келісім-шартымен – бұл банктің кәсіпкерлік тәуекелдігіне жата ма? Біздің білуімізше, бұл кең таралған банктік тәжірибе.
Егерде әңгіме көпе-көрінеу қайтарылмайтын несиелер арқылы мақсаткерлікпен қаражатты ұрлауда болса – онда Ұлттық банкте бұндай күдіктерге қандай негіздер бар?
5. Сонымен қатар, Ұлттық банк орынбасарының сөзінше реттеуші «әлдеқашан және табандылықпен» Казинвестбанктің көрсетілген талаптарға сәйкессіздігімен айыптап келген болса, онда реттеушінің өзі басқаруындағы БЖЗҚ-ын зейнетақы қорының шотынан 3 млрд. теңгені осындай сенімсіз банкке орналастыруына жол берген? Оның үстіне түсіндірулері бойынша бұл соманың қайтарылуы күмән туғызып отыр?
6. Ақырында, «ҚазинвестБанктің» басшылығы және реттеушінің өзінің лауазымды тұлғалары жіберілген осындай жағдай үшін қандай жауапкершілікке тартылады?
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда және адал кәсіпкелердің мүдделерін қорғауда.
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
qazaquni.kz