Димаш Құдайберген қытайлық тележүргізушілерді қазақша сөйлетіп жіберді
2017 ж. 22 қаңтар
16195
43
Димаш Құдайберген Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауының бірінші кезеңінде француздардың «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындап, қытайлық көрермендерді тәнті етті, - деп жазады Егемен Қазақстан.
«Осыған орай Қытай басылымдары Димаш Құдайберген туралы жазып жатыр», дейді əншінің менеджері Алпамыс Шəрімов. Оның айтуынша, əлеуметтік желі қолданушылары «Қытай қазақ баласына таң қалды», деп жазуда.
Бір айта кетерлігі, 14 кезеңнен тұратын байқаудың ұйымдастырушылары Димашты конкурсқа өздері шақырған екен.
Бірінші кезең барысында байқаудың қатысушылары, Қытайға танымал әншілер де өз таңданыстарын жасыра алмады. Қытайдың Sina Weibo (Твиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жетті.
Сонымен қатара, Димаш Құдайберген Қытай телеарнасындағы ең танымал «Happy Camp» шоу бағдарламасында қонақта болды. Бұл туралы «Тілші» хабарлады. Бағдарлама қытай тілінде «Куай Лы Да бін иен» деп аталады.
«Шоу бағдарлама барысында қазақстандық жас әнші аспан асты елінің танымал тележүргізушілерін қазақша сөйлетті. Бағдарламада қатысушылар музыкалық, танымдық ойындар ойнады», — деп хабарлады Алпамыс Шәрімов.
Айта кетейік, он миллиондаған аудиториясы бар «Бақытты лагерь» (Happy camp) танымал шоу бағдарламасы эфирге 20 жылдан бері шығып келеді. Хабар әр сенбі сайын көрерменге жол тартады. Бағдарлама Азия және дүниежүзілік байқауларда көптеген марапатқа ие болған. Аудиториясы негізінен жастар.