Елімізде жыл сайын қанша қазақ қызы қытайлықтармен бас қосады?
2017 ж. 22 қаңтар
3394
2
Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2016 жылы елімізде 6687 аралас неке тіркеліпті. Бірінің азаматтығы Қытай Халық республикасы болып көрсетілген 127 неке қию туралы актісі тіркелсе, оның 61-інде қытай азаматы Қазақстаннан қыз алып, 66 қазақстандық Қытайдан әйел әкелген, - деп хабарлайды 31 арна.
Қаны - қытай қызды тәрбиелеп отырған Айгүл есімді келіншек бармағын өте кеш тістеген. Алматыдағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүрген кезінде танысқан жігіті, кейін азаматтық некедегі қытай күйеуін, қызының әкесін қазір таба алмай қалыпты. Енді өзге ұлттың етегінен ұстаған қыздан өз туыстары да теріс айналған.
"Басқа ұлттың өкіліне шыққаннан кейін сен жамансың, және сондай болып қаласың. Ауылда туыстарым той жасап жатады, ешбіріне бармаймын", - дейді Айгүл.
Ал, психолог Анна Мергенбайқызы аралас некеден дүниеге келген балаларға ерекше көңіл бөлінбесе, психологиялық соққы алуы мүмкін дейді.
Сондай-ақ, шетелдіктерге тұрмысқа шығатын қыздардың әрекетіне жігіттер де жауапты дейді психотерапевт.