Аудан әкімі қоластындағыларды християндардың діни рәсімін орындау үшін суға шомылуға шақырған
2017 ж. 11 қаңтар
2585
2
Павлодар ауданының әкімі Александр Бабенко ауыдан әкімдігінің қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерін 19 қаңтар күні християндардың діни рәсімін орындау үшін бірге суға шомылуға шақырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
- Ойық мұзға шомылу адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Дененің барлық организмі күшейіп, энергиясы артады. Осындай діни рәсім кезінде ауарайдың суықтығына қарамастан суға шомылып, содан суық тиіпті дегенді әлі естімедім. Керісінше, бұдан кейін көп уақыт ауырмайсыз, - дейді Александр Бабенко.
Айта кету керек, Павлодар ауданында қазіргі таңда 160 адам мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейді. Өзінің діни наным-сеніміне өзгелерді де шақыратандарды "миссионерлер" деп атайды. Біздің шенеуніктер корпусында миссионерлер де бар болып шықты солайша.