Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды
2016 ж. 28 желтоқсан
2491
0
ҰҚК бұрынғы төрағасы ұсталды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қылмыстық кодекстің 185-бабының 3-бөлімінде («Мемлекеттік құпияларды жария ету») және 362-бабының 3-бөлімінде («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды.
Көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК тергеу изоляторына қамалды.
Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеп-тексеру жалғастырылуда, оның барысы және нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.