ҰҚК діни-экстремистік ұйымның 33 өкілін құрықтады
2016 ж. 24 желтоқсан
1979
0
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 21 желтоқсан күні «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының өкілдерін құрықтау мақсатында бастаған арнайы операциясын аяқтады деп хабарлайды ҰҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып NUR.KZ.
«Ат-Такфир уаль-Хиджра» экстремистік тобының жиындарына қатысушыларды мекенжайы бойынша іздестіру барысында діни материалдар, компакт-дискілер, компьютерлер мен ірі сомадағы қаражат тәркіленді. Қажет сараптамалар тағайындалды деп хабарлайды ҰҚК-де.
Бүгінде аталмыш экстремистік ұйымның 7 көшбасшысы құрықталып, біреуі үйқамаққа алынды. Тағы сегізіне келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұйымның 17 мүшесі әзірге куәгерлер ретінде тергелуде.
Ұсталғандардың дені радикалды идеология насихатталған жиындардың өткенін мойындап отыр. Ұйымның әрекеттері шетелден бақыланып отырған деп мәлімдеді құзырлы мекеме. Тергеу амалдары жалғасуда.