ШҚО-да қытайлық азамат 11 жасар қазақ қызын зорламақ болған жерінен ұсталды
2016 ж. 23 желтоқсан
6825
15
Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында Қытай Халық республикасының азаматы 11 жасар қызды зорламақ болған. Баланы саябаққа сүйреп бара жатқан күмәнді ер адам жайлы мәліметті полицияға жергілікті такси жүргізушісі хабарлаған.
Тәртіп сақшылары қаскөйді ұстап алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға мереке күндері болған. Қазақстанда ықтиярхатпен жүрген ер адам 11 жастағы қызды зорламаған болған.
«Үржар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекеті дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша іс сотқа жолданады. Күдікті ер адам 1961 жылғы, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Осы іс бойынша тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері.
Сөйтсек, ұсталған адам зардап шеккен қыздың ата-анасының танысы екен. Сол күні ол анасына қызбен бірге дүкенге барып, киім сатып әперуді ұсынған. Айта кетерлігі, ер адам сол кездің өзінде мас болған. Бірнеше сауда орнына кіргеннен кейін ол такси ұстап, қызды алып кеткен. Жүргізушіге саябаққа жеткізуін бұйырған.
«Такси жүргізушісі жолаушыларды апарған. Ер адам мен қыз баланы. Жүргізуші ер адамның саябақ маңында түсіру туралы сөзін естіп, күмәнданған. Осы жағдай туралы ол жергілікті құқық қорғау органдарына хабарлаған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары зорлау әрекеті барысында ер адамды ұстады», — деді жергілікті тұрғын.
Полицейлер оқиға орнына жеткенде ер адам баланы шешіндіріп үлгерген. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары қаскөйді дер кезінде ұстап, қыз аман қалыпты.