ҰҚК Алматы қаласы мен еліміздің үш облысында арнайы операция жүргізіп жатыр
2016 ж. 21 желтоқсан
2254
0
ҰҚК Алматы қаласы мен еліміздің үш облысында арнайы операция жүргізіп жатыр деп хабарлайды органның ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
21 желтоқсан күні Алматы қаласы мен Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының ізін жалғастырушыларды ұстауға арналған арнайы операция өтуде.
Діни алауыздықты қоздырып, рұқсат етілмеген ұйым қатарына енген 16 адам аймақтардағы ҰҚК бөлімшелеріне жеткізілді.
Бұл ұйым "Әл Каида", "Ислам мемлекеті" және өзге де террористік топтармен бір бағытта жұмыс істейді. «Ат-Такфир уаль-Хиджра» экстремистік ұйымының ошағы Сирия мен Иракта орналасқан. Олар елдегі конституциялық басқаруды теріске шығаруды мақсат етеді.
Аталған ұйымның қызметіне Қазақстанда тыйым салынған.