«Ақ жол» партиясы радиациялық жүк тасымалына қатысты тергеу жүргізуді талап етеді
2016 ж. 14 желтоқсан
1608
0
Мәжіліс отырысы барысында Азат Перуашев Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Қырғызстанға радиоактивті жүкті тасымалдау фактісі бойынша тергеу жүргізуді талап етті.
«Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша 6-желтоқсанда «Қайыңды» Қазақ – Қырғыз шекарасының бақылау-өткізу пунктінде, қырғыз шекарашылары Қытайдан келе жатқан транзиттік жүк вагондарын ұстаған. Демек, бұл жүк кеден және шекара қызметкерлерімен ешқандай радиоактивтілік бақылаусыз біздің аумағымызға өткізіліп, азаматтардың денсаулығы мен экологияға қаупін тудыра отырып, Қазақстан аумағында бірнеше мың километр жүріп өткен.
Депутат өз сөзінде Қырғыз шекарашылары бұл жүктің жоғары радиация деңгейін анықтады деп атап өтті.
«Ақ жол» депутаттық фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда және қазақстандықтардың мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.
qazaquni.kz