Көкшетаудың әкімі Тәуелсіздік тойын ұмытып кеткен бе?
2016 ж. 14 желтоқсан
2077
0
Суретші, блогер Аңсаған Мұстафа Тәуелсіздік күнін мерекелеуге құлықсыздық танытып отырған Көкшетау әкімін сынап тастапты.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазған екен.
«Көкшетау қаласының көшелерінде Тәуелсіздік құтты болсын деген бір сөз жоқ. «С наступающим» деген 90 сөз бар. Қалай ойлайсыңдар неге?», — деп жазды ол.
Блогердің бұл ойына қатысты желідегі қауым түрлі пікір білдірген екен.