Олжас Сүлейменов: Мұндай тәуелсіздіктің адамдарға еш қажеті жоқ. Болашақ - СОЦИАЛИЗМДЕ
2016 ж. 08 желтоқсан
6307
9
КСРО құлады. КСРО құлағасын ілгеріде мен айтқан ұғымның әлуеті әлсіреді. Күні кеше Кеңес өкіметінің қол астында болған мемлекеттер бөлек отау тікті. Тіксін. Бірақ олар «тәуелсіздік» дегенді оқшаулану деп түсінетін болды.
Күні кеше аты аңызға айналған Олжас Сүлейменов Мәскеуге барып, «Заманауи түркітану дүниесінің мәселесі: тіл - әдебиет - мәдениет» атты басқосуға қатысты. Әрине, жалғыз жиынмен шектелмесі анық еді. Сүлейменов бұдан сырт, біздің Ресейдегі елші Тәжиннің қабылдауында болды. Тәжин Сүлейменовті құбылысқа балады. Бұл туралы 365info.kz хабарлайды.
– Дәуірдің талабы мен талғамын жасайтындар осы кісілер, – деді елші.
Әзірбайжан елшісі де Сүлейменовті жылы қарсы алды. Ақеділ тілектерін айтты. «Мен Аз и Я-ны» он қайтара оқығанмын», — деді ол.
Біз далада қалдық па?
Кетер алдында ақын «IQ» атты журналдың тілшісімен аз-кем әңгімелескен екен.
«Интернационализмнің әлеуеті таусылды ма? Жоқ. Таусылған жоқ. Солай ойлаймын. Бірақ, мұнымен тізе қосып жүретін басқа да құбылыстардың күші бар әлі де…
Фашизмді айтамын. Ол әлі де күшті. Ол әлі де соғыса алатын, семсерлесе алатын қауқарда. Кеше Мәскеудегі бір университеттің Құрметті докторы атандым. 28-ші екенмін. Осы оқу орнының құрметтісі атанған 28-ші адам екенмін. Қуандым. Себебі, бұл сан маған 28 панфиловшыны еске түсіреді. Қазір ше? Қазір осы батырлардың ерлігіне күмән келтіріп жүрген «данышпандар» шықты.
Мен нақтылайын:
Иә, Мәскеудің түбінде 28 панфиловшы емес, 28 мың панфиловшы қаза тапты. Олар осы қаланы қорғаймыз деп ажал құшты.
Иә, фашизм қайта тірілді. Ол өлмеген екен. Ол біздің өткенімізді кірлеткісі, тарихымызды талқандағысы келеді әлі де. Бұл бітпейтін күрес. Кім жеңер екен? Интернационализм қашанғы және қаншалықты ғұмырлы болады осы?
КСРО құлады. КСРО құлағасын ілгеріде мен айтқан ұғымның әлуеті әлсіреді. Күні кеше Кеңес өкіметінің қол астында болған мемлекеттер бөлек отау тікті. Тіксін. Бірақ олар «тәуелсіздік» дегенді оқшаулану деп түсінетін болды.
Әй, айталық мына қырғыз, өзбек, тәжіктерді алайықшы. Іргедегі көршіміз. Осы 25 жылда мен бірде-бір рет Ташкент пен Душанбеде болғам жоқ. Біздің игі-жақсылар араласпайды. Хабар алыспайды. Солай. Оқырман жоқ. Әдебиет жоқ. Далада қалды бәрі.
Тәуелсіздікті мәдени-рухани байланысты үзу деп түсінер болсақ, мұндай тәуелсіздіктің адамдарға еш қажеті жоқ.
«Тәуелсіздік», «егемендік» деген түсініктердің кеңістігін кеңейту керек. Кеңейтпесек олар өмір сүре алмайды. Тіршілік ете алмайды.
Болашақ социализмде. Солай ойлаймын. Ғылыми социализмді айтамын. Бұған жетеміз әлі, жететін боламыз. Сынақтан өтеміз. Қазіргі қиыншылықтар да сынақ».
Олжас Сүлейменов осылай дейді. Олжас Сүлейменов осылай ойлайды…