Меруерт Түсіпбаева: Күйеуіме ақша ұсынып, мені бір түнге сұрағандар да болды
2016 ж. 17 қараша
4886
8
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуіне ақша ұсынып, бір түнге әйелін беруін сұрағандар туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол “Жұлдыздар отбасы” журналына берген сұхбатында айтты.
Сонымен бірге, қазіргі ер адамдардың ұсақталып кеткеніне назар аударған әнші ойлары лас еркектер де өмір жолында жиі кездесіп жататынын тілге тиек етті.
Мәселен, оның күйеуіне ақша ұсынып, әйеліңді бір түнге бер деп қолқа салғандар да бар екен.
“Жолдасыммен енді ғана бас қосқан жылдары екеуміз бір тойға бардық. Сонда менің күйеуімді сыртқа шақырып алып: «Мен саған пәлен мың доллар төлеймін. Әйеліңді бір түнге бер», – деген де ұятсыздар болған”, – дейді әнші.
Еркектер тарапынан сұқтанғандар көп болғанын сөз еткен әнші: “Шалбар кигеннің бәрін еркек деп айта алмаймын! Кейбір азаматтар дөрекілік те көрсетіп жатады. Ашық айтқаным үшін кешіріңіз, «сатулы адамдар» деп ойлап, арам ойын іске асырғысы келетіндері қаншама?!”, – деді Меруерт.
Мақаланың авторлық тақырыбы: Ол кісі мені осы қалпымда сүйді.
(…толық нұсқасы «Жұлдыздар отбасы» журналының №15 (56) тамыз, 2009 жылғы санында) Сұхбаттасқан Әлия ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА