Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарды
2016 ж. 16 қараша
2721
2
"Феникс" фильмін түсіруге бөлінген ақшалай қаражатты жымқырғанын мойындаған танымал қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарып берді деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Бұдан бұрын Жаманқұловтың жартылай өтемақы төлегені айтылған еді, актердің тұлғасы, жасы мен мүлкін кепілге бергені ескеріліп, оған қатысты «кепіл» бұлтартпау шарасы таңдалынған.
"Қазіргі уақытта ол алты миллион теңгедей қаражатты қайтарды. Сонымен қатар, "Қазақфильм" алдындағы бүкіл қарызын төлейтінін мәлімдеді. Міне, осы міндеттіліктерді мойнына алды", - деді Қожамжаров парламент мәжілісі отырысынан кейін тілшілерге.
Тұңғышбай Жаманқұлов 2 қараша күні "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген 69 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды.
Актер айыбын толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, келтірген зиянды түгелдей өтейтінін айтқан болатын. Сонымен қатар, Жаманқұлов қылмыстық жауапкершілікке тартылмауын сұрап, өтініш берген еді. Бұл өтініш келтірілген зиян толығымен өтелген соң ғана қарастырылады.