Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды
2016 ж. 07 қараша
3012
3
Мамандандырылған ауданаралық әскери сот елде төңкеріс жасамақ болған кәсіпкер Тоқтар Төлешовке үкім шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.
Сот үкімі бойынша, "Сыра королі" 21 жылға сотталды. Тоқтар Төлешов елде төңкеріс жасамақ болғаны, адам өлтіргені үшін және өзге де 18 қылмысы үшін айыпталған болатын.
Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағылған.
Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.
Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.