Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды
2016 ж. 03 қараша
3501
1
Танымал продюсер Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Судья Берікжан Байжүнісов Бақытбек Есентаевты қатаң режимдегі колонияда тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.
Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелген.
Есентаев өз кінәсін мойындады. Көп ұзамай Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешіргенін мәлімдеген болатын.