Асанәлі Әшімов: Экран алдында бес минут бойы сүйістіріп қоюды доғару керек
2016 ж. 01 қараша
2530
1
Бүгінгі Алматы қаласында өткен «Мәдениет бойынша заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы» жиында қазіргі театрлардың жағдайы талқыға салынды. Сонымен қоса БАҚ өкілдері мен халықтың сұрауы бойынша, кинодағы бейәдеп сөздерге тыйым салу туралы заңда талқыға салынды.
"Олжас екеуміз сексен жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келе жатыр екенбіз. Сонда да өнер үшін еңбек етіп, шығармашылықпен айналыстық. Ал қазір заң басқа, бізге нақты заң керек. Кей жағдайда ғана өзгерістер енгізбесек. Ал кинодан цензуралы сөздерді алу деген заң бар екен. Ондағы эмоцияны білдіретін кино тілін қысқарту, бүркіттің тырнағын алумен бірдей. Жаңа филологтар тарпынан айтылған ер адамның, әйел адамның жыныс мүшесіне қатысты сөздерді алып тастау керек деген пікірге қолдау білдіремін. Қазіргі жастар өмірдегі төсек пен өнердегі шығармашылықты шатастырып алып жатады, экран алдында бес минут бойы сүйістіріп қоюды доғару керек. Ондай киноларды әйеліңмен көрерсің жарайды, ал бала-шағамен қалай қараймыз?! Сондықтан осы жағын заңдастырған дұрыс болар", - дейді Асанәлі Әшімов.