Біздің орыстілділер цифр танымайды - Дос Көшім
2016 ж. 30 қазан
3477
6
Белгілі журналист Дәурен Қуат Фейсбуктегі парақшасына қызықты жазба жариялады. Онда белгілі саясаткер Дос Көшімнің тауып айтқан сөзі келтірілген. Журналистің жазбасын қаз-қалпында ұсынып отырмыз.
Өткенде Дос Көшім ағамыз бен бір түрік азаматының арасындағы төмендегідей аз-кем сұхабатқа куә болып едім. Соны, тележурналистердің тілімен айтқанда, сіздермен бөлісейін деп отырмын.
Түрік азаматы:
- Қазақ теңгесінің бетіндегі жазу неге екі тілде? «Бес мың теңге» деген соң оның қасына «Пять тысяч» деп жазудың қаншалықты қажеті бар?
Дос Көшім:
- Қажет. Себебі, біздің орыстілділер цифр танымайды.
Түрік азаматы:
- Көше атауларының екі тілде жазылуы не үшін керек?
Дос Көшім:
- Керек. Себебі, орысша жазылмаса, біздің орыстілділер адасып кетеді.