Салафиттер неліктен Шымкентте ықпалын жүргізе алмады?
2016 ж. 29 қазан
4661
4
Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым 365info.kz порталына берген сұхбатында салафиттердің неліктен Шымкент шаһарында өз ықпалын жүргізе алмаған деген сұраққа жауап берді.
Сарымның пайымдауынша, "Салафизм дәстүрлі қоғам – мейлі, ол зайырлы, мейлі, қазақи болсын — күйреуге ұшыраған аймақтарда тамырын тереңге жайған.
Экстремизмге тойтарыс берген дәстүрлі қоғам ауыл шаруашылығы құлдырауға ұшырап, жахандану қанатын кеңге жайған жерде сақталған. Ал дәстүрлі әдет-ғұрыптар жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін ақсақалдар жоқ, діни сауаты төмен молдалар шоғырланған жерлерде күйреуге ұшырады. Ол жерлерде салафизм тамырын тереңге жайып, өркендеді. Жезқазған Орталық Қазақстанда. Ал оңтүстікте қаймағы бұзылмаған қалың қазақ отыр, сондықтан ол жақта дәстүрлі қазақ ауылдары сақталған".
qazaquni.kz