Білім министрлігі Рахымжан Қошқарбаевты гей қылып қойды (ФОТО)
2016 ж. 26 қазан
6345
12
Министр атанғалы сыннан көз ашпай, алғыс емес, қарғыс естіп келе жатқан Ерлан Сағадиевтің оқулықтарынан тағы бір масқара табылды. Бұл жолы 3-сыныптың "Әдебиеттік оқу" деген дүбәра оқулығында Рейхстагқа ту тіккен қазақтың батыры Рахымжан Қошқарбаевты қасында болған Гришамен сүйістіріп қойыпты. Екеуі үнсіз құшақтасып... сүйісіпті...
Бұл туралы "Қазақ Үні" ұлттық порталы Шын-ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Масқара! Ұлтты қорлаудың мұнан асқан үлгісі болмас. Батырлардың қасында тұрып қызтекелерше сүйіскенін көрген, яғни оқулықты дайындаған авторлар - Әбдікәрім Тазагүл Мұқашқызы, Рахметова Сағира Рахметқызы, Қабатай Бидана Тұрсынханқызы деген бикештер. Бұларды сіз көрсеңіз, бетіне түкіріңіз. Себебі, бұлар тек ұлтымызды қорлап, жас ұрпақтың санасын улап отырған жоқ, тарихты бұрмалап отыр.
Ал мына "Әдебиеттік оқу" деген дүбара "оқулықтың" тез арада көзі жойылуы тиіс.
Министр мырза жас ұрпаққа білім берумен айналыса ма, әлде оның миссиясы қыздарымызды жалаңаштап, ұлдарымызды гей ету ме?
qazaquni.kz