Оқушыларға Алла туралы әңгіме айтқан сақалды жігіт елорда жұртының зәресін ұшырды
2016 ж. 26 қазан
2801
2
Астанадағы №76 мектепке келіп, кішкентай мектеп оқушыларымен дін тақырыбында әңгімелескен ер азамат ата-аналарды алаңдатып отыр. Бұл туралы Newtimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Сақалды жігіттің әңгімесінен қорқып қалған астаналық ата-аналар бір-бірін өте сақ болуға шақыруда.
Ұялы телефонға келген хабарлама авторының айтуынша, құрбысы көлігімен мектеп маңына келіп, 4-5 сынып оқушыларымен Аллах туралы әңгімелескен сақалды жігітті байқаған.
"Құрбым оқушылардың бұл кісіні мүлде танымайтынын анықтаған соң, оған дереу айғайлай бастаған. Сақалды жігіт бірден көлігіне мініп, есігін жауып алған. Ал құрбым оның өзін де, көлігінің нөмірін де суретке түсіріп үлгерді. Мүмкін, ол оқушылардың бірінің ата-анасы шығар. Сонда да, өте сақ болу керек", - делінген хабарламада.
qazaquni.kz