Ұлттық арна эфиріне шығару үшін трансвиститке ақша төлеген
2016 ж. 22 қазан
2505
0
Ұлттық арна эфирден жынысын өзгерткен ер адамды шақыру үшін оған ақша төлеген деп хабарлайды NUR.KZ.
Бір айға жуық уақыт бұрын «Қазақстан» ұлттық арнасы «Әйел бақыты» бағдарламасына ЛГБТ өкілін шақырған болатын. Ұлттық арнаның төрінен трансвистит жігітке орын бергені үшін бағдарлама жүргізушісі Ләйла Сұлтанқызының басы дауға қалған болатын.
Әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, «Қазақстан» ұлттық арнасына біраз сын айтылған еді. Тіпті атышулы журналист Ардабек Солдатбай «Қазақстан» ұлттық арнасының сол кездегі басшысы Нұржан Жалауқызынан Ләйла Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етті.
Жақында Ләйла Сұлтанқызы блогер Эльвира Ергалинаға сұхбат беріп, бағдарламаның тағы бір сырымен бөлісті.
Ләйла Сұлтанқызы трансвиститті эфирге шығарудың нақты бір көздеген мақсаты болмағанын, тек осы күні қоғамда бар біржыныстылармен бірге күресу керек екенін, бірге күрессек жеңе аламыз дегенді айтқымыз келді деп түсіндірді.
Сонымен қатар, эфирге, халық алдына көп шыға бермейтін мұндай жігіттермен бағдарлама редакторлары ұзақ жұмыс жасағанын, соңында эфирге шығару үшін ақша төлеуге дейін барған.
Қанша ақша төлегенін жасырған жүргізуші бұл сұрақты жоба жетекшісі Нариман Қойшыбаевқа немесе продюсері Асыл Алшуринаға қою керектігін айтады.