"Болашақ" бағдарламасымен оқитындар елімізге 5,4 миллиард теңге қарыз
2016 ж. 01 қазан
2997
3
«Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға кеткендердің қарызы бес жарым миллиард теңгеге жуықтаған деп хабарлайды Астана арнасы.
2005 жылдан бері «Болашақ» бағдарламасынан қол үзіп қалғандар немесе шетелде қалып қойғандардың жалпы саны 720 адамға жеткен. Бүгінгі таңда 331 адам 1,8 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты мемлекеттік бюджетке қайтарған. Ал қалған 389 адам, яғни 5,4 миллиард теңгені қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Болашақ» шәкіртақысынан айырылудың негізгі себептері төмен академиялық үлгерім мен еңбек шартының орындалмауы, дейді мамандар.
"Қаражатты қайтару үшін сотқа дейін шығынның орнын толтыру туралы электрондық пошта арқылы немесе телефонмен талаптар қойылады. Одан кейін сотқа шақырып, сот ісіне қатысады. Үшінші, соттың шешімін орындау, яғни жеке сот орындаушысымен қарызды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіледі", - дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» заң департаментінің бас менеджері Вячеслав Сарычев.