"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа барған бойжеткенді зорлап тастады
2016 ж. 22 қыркүйек
3783
0
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында 19 қыркүйек күні "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жұмысқа тұрған бойжеткен аяусыз зорланды. Бұл туралыNUR.KZ порталы «Диапазонға» сілтеме жасап хабарлайды.
"Бойжеткен ата-анасыз өскен, жеті айлық баласы бар. Азғындар оның сау тамтығын қалдырмаған. Оның қандай жарақаттар алғанын айтудың өзі ауыр. Зорлаған, соққыға жыққан, тіпті тісіне дейін сындырып жіберген", - деп күйінді дәрігерлер.
Ақ халаттылар бойжеткеннің баласын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, ауылға жалақы көбірек берілетіндіктен, қуана жұмысқа тұрғанын айтуда. Баласына тәрбиеші жалдап, тыныш ауылда тұрғындарды емдеуге келген ол бүгінде ауыр халде емханада жатыр.
"Бұл қалай болғанын түсіне алар емеспін. Күдікті көршісі екенін ғана естідік. 19 қыркүйек күні емханаға түскен бойжеткеннің жағдайы ауыр. Емізулі баласын бірден туысқандары алып кетті", - дейді Әйтеке би аудандық емханасының бас дәрігері Ләззат Қабиева.
Ауылдық округтың әкімдігі бойжеткеннің жан айқайын көшеде жүрген өзге көршісі естіп қалғанын мәлімдеді. Түнгі сағат бір-екілерде болған бұл жайттан кейін ер адам бірден жедел жәрдем мен полицейлерді шақыртқан. Күдікті таңертең құрықталды. Ол ұйқысынан оянғасын түк болмағандай жұмысына барған. 47 жастағы ер адамның бес баласы бар отбасылы азамат екені белгілі болды.
"Жұмысбасты, тыныш адам еді. Бұған қалайша барғанын түсіне алар емеспіз", - дейді әкімдіктегілер.