Белгілі журналист үкімет отырысында бірінен соң бірі орысша сөйлеген министрлерді сынға алды
2016 ж. 20 қыркүйек
5239
10
Белгілі журналист Болат Мүрсәлім үкімет отырысында бірінен кейін бірі шығып орысша сөйлеген министрлерді сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Үкімет отырысын біраз уақыт онлайн-режимнен көрдім. Күнделікті жұмыс барысы. Бірақ, министрлер бірінен соң бірі шығып орысша сөйлеп жатыр. Қазақша амандасып, қазақша қорытындысын ғана айтады. Ал, негізгі баяндамалары орыс тілінде. Слайдтары орысша. Онлайн көріп отырғандардың бәрі "Неге қазақша сөйлемейді?" деп ашулы. Қазіргі уақытта "орыс тілі ресми тіл" деген қате түсінік қалыптасқан. Қазақ-ау, қазақ тілі ресми тіл ғой. Осыны ұғатын күн жетті ғой! Сағынтаев, Тасмағамбетов, Мырзахметов - қазақтың үш үлкен азаматы үкіметті басқарады деп интернеттің қуанғаны кеше ғана еді ғой... Сонда ел не үшін қуанды? Қазақтың үлесі 70 пайызға жетсе де орысшадан неге құтылмай отырмыз?", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Журналистің бұл жазбасын желі қолданушылары да қоштай түсті. Олар да барлық жиындардың орыс тілінде өтетініне өз реніштерін білдірді.