Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы туралы қауесетке пікір білдірді
2016 ж. 18 қыркүйек
4776
0
Ғаламторда таяу арада продюсер Баян Есентаевынң бұрынғы күйеуімен арасында болған жанжал оның танымал атыраулық кәсіпкер, NSS ("НефтеСтройСервис") компаниялар тобының қожайыны Ибрагим Ақдрашевпен ара қатынасы бар болуы салдарынан орын алды деген ақпарат пайда болды.
Ринат әлеуметтік Фейсбук желісіндегі өзінің парақшасында былай деп жазыпты:
Алайда кейінірек ол өз парақшасындағы осы постты жойып тастаған.
Дегенмен де, біз Ибрагим Ақдрашевтің өзіне хабарластық. Ол ахуалға былайша пікір білдірді.
"Бұл жарияланымдардың барлығы – мүлдем өтірік, мен Баян Есентаевамен таныс емеспін. Тіпті өмірімде оны бетпе-бет көрген де емеспін. Мен бұл лас қауесеттерге мән бермес едім, алайда Есентаеваның өмірінде сұмдық отбасылық трагедияның орын алғаны белгілі. Бұған басқа қазақстандықтар секілді, мен де тек аяушылық пен шынайы тілектестік білдіре аламын. Мен туралы жалған ақпараттың таралуына келер болсақ: бұл бірінші рет орын алып отырған жоқ. Айтпақшы, жала жапқаны үшін бірнеше жыл бойына мұндай іспен әлденеше рет айналысқан екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Және соңғы шыққан жалған жарияланымға қатысты мәселемен де біздің заңгерлеріміз айналысуда", - дейді ол.
Ал бұл уақытта қауесеттің кеңінен тарағаны соншалық, Фейсбук қолданушылары Ибрагим Ақдрашевтің өзінің жеке парақшасын комментарийлерге толтырып тастады. Басым көпшілігі, мұны бәсекелестер мен қастық ойлаушылардың ісі деп есептейді.
NSS компаниялар тобының заң департаментінің бастығы «АЖ» тілшісін танымал кәсіпкерді әшкерелейтін ешқандай да бейнежазбаның жоқтығына сендірді:
"Бәрі тынышталсын, мұндай бейнежазба жоқ. Егер менің бұған 100 пайыз сенімді екендігім аз болса, заңгер ретінде 300 пайыз беремін! Менің өтінішіммен біздің алматылық адвокат осы жалған ақпаратты жариялаған республикалық газеттердің бірінің редакциясын іздеп тапты. Редакция жатақхана ғимаратында орналасқан, сенбі күні журналистердің ешқайсысы болмады. Қас қылғандай, басқа БАҚ-тарда да осындай жарияланымдар демалыс күндері қарсаңында шыққан. Дүйсенбі күні мән-жайын анықтап, теріске шығаруды талап етеміз", - деп атап өтті заңгер.
Естеріңізге салсақ, 10 маусымда Баян Есентаева пышақ жарақатымен ауруханаға түскен еді. Қылмыс жасады деген күдікпен оның күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталды. Бұдан бұрын оған «Денсаулыққа ауыр зиян тигізу» деп аталатын Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша айып тағылған болатын. Содан кейін бұл бап «Адам өлтіруге оқталу» деген анағұрлым ауыр бапқа өзертілді.
Ал 14 қыркүйекте Алматы облысының аудандық сотында танымал продюсерді қатыгездікпен соққыға жығу туралы іс бойынша процесс басталды. Бақытбек Есентаев өз жұбайын өлтіруге оқталды және зорлады деп айыпталуда. Қылмыстық кодекстің осы баптарына орай тыңдау жабық режимде өтуде.
"Қазақ үні" редакциясынан: Портал редакциясы келесі жайтты ескертеді: 1. Мақала өзге ақпарат құралынан көшіріліп басылған, портал дереккөзге сілтеме жасағандықтан, жауапкершілікті алмайды. 2. Аталмыш ақпаратты таратқан әлеуметтік желі қолданушысы екенін тағы бір ескертеміз.