РЕЙТИНГ: ЖҰЛДЫЗДАР мен АНТИ-ЖҰЛДЫЗДАР (ФОТО)
2016 ж. 16 қыркүйек
23716
27
2016 жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы
отандық шоу-бизнес жұлдыздарының рейтингісі
“Жұлдыздар құпиясы” порталының жаңа жобасы – Қазақстанның шоу-бизнес өкілдерінің рейтингісін жасау жұмысы іске қосылды. Аталмыш жоба аясында еліміздің танымал әншілерінің маусым аралықтарындағы жетістіктері мен жаңалықтары сараланып, ел ішіндегі жағымды не жағымсыз әрекеттері сынға алынып, әндерінің халық арасындағы танымалдылығы анықталып, қай әншінің алда, ал қай әншінің әлі көп еңбектену керектігі жазылады.
Қазақстанның 15-20 әншісі аталмыш рейтингке енетін болады. Рейтингке енетін әншілер әрдайым арнайы сауалнама арқылы таңдалады, сондықтан, олардың нақты кім екендерін бірге білетін боламыз.
Егер бұл жобаға қосылып, өз сүйікті әншілеріңіз үшін дауыс беремін десеңіздер “Жұлдыздар құпиясы” порталының фейсбуктегі ресми парақшасына хат жазуларыңызға болады.
Сонымен, назар аударыңыздар!
15. Рейтингтің он бесінші орыны танымал қазақстандық топ “НұрМұқасанға” бұйырды. Бұл маусым аралығында аталмыш топ телеарналар мен түрлі порталдарда көп насихатталып жүр. Алайда, халық топтан жаңа әндер мен жаңа клиптер күтуде. “НұрМұқасанның” ел жүрегін жаулаған бірегей топ екені даусыз. Алдағы уақытта топтың жаңа бейнебаяндары шығады деген үмітте рейтингтің он бесінші сатысына орналастырдық.
14. Кезекті сатыға “Алашұлы” тобы жайғасты. Бұл топтың көпшілікке ұнауының басты себебі – олардың ұлттық нақыштағы, қазақи сарындағы сахналық образдары. Аталмыш топтың “Елім менің”, “Батырлар ұраны” атты әндері ең көп жүктелген әндер қатарында тұр.
13. Он үшінші орында танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы тұр. Жұбаныштың әндері ересек тыңдармандардың үлкен сұранысына ие. Соңғы уақыта, әсіресе, Оңтүстік өңірлерле тойлардың көбіне осы әншіне шақыратындар саны көбейіп кеткен. Қазақ әншілерінің арасында өзінің дауысымен, қарапайымдылығымен тыңдармандарын баураған әнші соңғы кездері эфир төрінде жиі көрінеді. Бұл маусымда да Жұбаныш айтарлықтай белсенділік танытқаны белгілі.
12. Ендігі орын әнші Тамар Асарда. Әндерімен талайдың жүрегін жаулаған әнші, енді ірі шенеуніктердің де жүрегін жаулаған сияқты. Жақында ғана Маңғыстау облысының әкімі Тамараға жаңа пәтердің кілтін табыстаған болатын. Бұл жаңалық та БАҚ-та қызу талқыланған. Одан бөлек, әншінің қанша ақша табатыны туралы топ-топ мақалалар да тыңдарманның есінде. “Жұртқа бөліп бере алмаған соң байлығымды ешкімге көрсетпеймін” деген Тамара Асар осы орынға лайық деп танылды.
11. Он бірінші орында талантты әнші Жазира Байырбек тұр. Мауысым бойы әнші туралы аз мақала жазылмады. Бірде анасына гитарамен ән айтып тыңдармандарын баураса, енді бірде “Алтын орда” базарынан азық-түлік алатынын айтып өзінің қарапайымдылығын танытты. Тыңдармандардың ең ыстық ықыласына бөленгені – ол Жазираның “сахнаға орамал тағып шығамын” деп айтқаны болды. Тағы бірде мүгедектерге қол ұшын созған Жазира, арасында Төреғалидің әкесіне шай құйып беріп те үлгеріп жүрді. Онымен қоймай әлеуметтік желіде Жазираның қолмен кілем жуып жатқан видеосы пайда болып, тыңдармандарын әншінің қарапайымдылығы тағы бір тәнті етті. Осының бәрі оның жақсы рейтингіне әсер етпей қоймайды.
10. Кезекті орын “Жігіттер” квартетінде. Аталмыш топ маусым бойы тыңдармандарын түрлі жаңалықтарымен қуанта білді. Топ мүшесі Ердос Қанаевтың қызды болғаны туралы бұған дейін біз де жазған болатынбыз. Ал, квартеттің мүшесі Айдар болса “әйелдің ұрысқақтығын басатын” шәй шығарып үлгерді.
9. Ендігі орынды әнші Шахизаданың еншісіне қалдырдық. Бұл маусымда Шахизада туралы көп жазылды, көп айтылды. Әсіресе, әншіге біреулердің әдейі қастаңдық ұйымдастырғаны туралы ақпарат Шахизаданың тыңдармандарын әжептәуір шошытты.
8. Сегізінші орында – Қарақат Әбілдина. Үздік бестікке енген әнші өзінің шығармашылығымен де, образымен де елге жағымды. Соңғы кездері Қарақаттың өнер мектептері елді көп қызықтыруда. Астана мен Алматы секілді қалаларда Қарақаттың өнер студияларына баратын жас өнерпаздардың саны күннен күнге артуда. Жуырда Қарақаттың танымал күйеуі Қыдырәлі Болманов олардың жаңа ән жаздырғанын айтып, сүйінші сұраған болатын. Қазіргі уақытта әншінің өзінің бір сұхбатында “Балаларым орысша шүлдірлейді, оған мемлекет кінәлі” деп айтқаны ел арасында қызу талқылануда.
7. Жетінші орында еліміздің атақты сазгері Еркеш Шәкеев тұр. Көптеген хит әндердің авторы Шәкеев сахнадан көп көріне бермейді. Оның әндері Қазақстан ғана емес, көршілес елдердің де сахнасында орындалып, өз орынын ойып тұрып алғаны сөзсіз. Шәкеевтер отбасындағы қайғылы жағдай да көптің әлі есінде. Ұлынан айырылған Еркеш Шәкеевтің қайғысын күллі жұртшылық онымен бірге бөлісті. Қаза болған Сафарды Алматы қаласында іздемеген жан жоқ. Бұл оқиға маусым бойы БАҚ назарынан бір сәтке де тыс қалмаған.
6. Ендігі кезекте танымал жас әнші Ибрагим Ескендір тұр. Ибрагимнің рейтингтің алдыңғы сатыларының бірінде тұруының себебі де бар. Кешегі өткенде Рио 2016 жазғы олимпиада ойындарында оның орындауындағы “Көк тудың желбірегені” атты әні телеэфирлерден күнде берілгенін ескеруіміз керек.
5. Бесінші орын халықтың сүйікті топтарының бірі “МузАрт” ВИА-ның әншісі Сәкен Майғазиевтің еншісінде. Бүгінде елдегі ең беделді топтың солисі халық ішінде үлкен танымалдылыққа ие. Оның әндері де көпке ұнайтыны баршаға белгілі. Соңғы уақытта Майғазиевтің қайырымдылық жасап жүргені елдің ыстық ықыласына бөленді.
4. Рейтингтің кезекті сатысы тағы бір жас әнші Төреғали Төреәлінің еншісінде. Шымкентте журналистермен жанжалдасып қалған Төреғали туралы аз әңгіме айтылмады. “Қазақстан” ұлттық арнасындағы “Ұлы дала баласы” шоуы арқылы оның шығармашылығы толыққанды насихатталып жатыр дей аламыз. Еліміздің барлық өңірінде концерт беріп қайтқан әнші бұл орынға әбден лайық деп санаймыз.
3. Үшінші орында күллі қазақтың сүйікті әншісі атанған Мейрамбек Беспаев. Беспаев неге үшінші орында тұр деген заңды сауал туындауы мүмкін. Оның себебі де қарапайым. Маусым аралығында әнші туралы жаңалықтардан гөрі оның демалып жүргені көп айтылды. Тіпті, Мейрамбектің келін түсіргені де БАҚ-та талқыланғаны бар. Алайда, осы уақыт аралығында әнші үлкен бір оқиғалармен немесе жаңалықтарымен тыңдармандарын қуантпады. Тіпті, шетелде демалған кезінде инстаграмға жүктеген суреттеріне “Шетел бармай, елімізде демалсаңызшы” деп жазғандар да болды.
2. Екінші орында жыл басынан бері өмірі қызу талқыланып жатқан Баян Есентаева тұр. Ия, Баянның басынан өткен қайғылы жағдай көптің әлі есінде. Өмір мен өлімнің арасында жатқан Баян туралы талай мақала жазылып, талай сөздер айтылды. Еске сала кетейік, бүгінде Банды өлімші етіп сабаған оның күйеуі уақытша тергеу изоляторында отыр. Жақында ғана эксклюзивті сұхбат берген Есентаева өзінің құрбысы Динара Сәтжанға болған жайттың бәрін өзі айтып берген еді. Қалай болғанда да, бұл маусымда БАҚ-та ең көп талқыланған тақырып – ол Баянның тағдыры еді.
1. Ал енді, рейтингіміздің бірінші орынына да кезек келді. Бірінші орында, әрине, Қайрат Нұртас тұр. Қайраттың ел арасындағы танымалдылық деңгейі барлық әншіден де жоғары екені сөзсіз. Оның әндерін білмейтін жастар сирек шығар. “Кремльге барып концерт берсем” деп жүрген Қайраттың арманы жақында орындалады деп сенеміз. Тіпті, соңғы Оралда өткен концерт кезіндегі қыздардың жаппай төбелесі де оның рейтингіне еш әсер етпеді.
АНТИЖҰЛДЫЗДАР
1. Антижұлдыздар рейтингінің көшін “Супер Стар” жобасы арқылы халыққа танылып, кейін Ресей сахнасында ән шарқап үлгерген отандық эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова бастап тұр. Мақпалдың бұлай төмендеп кетуіне оның ел арасындағы жағымсыз образы себеп. Әншінің инстаграм парақшасына жүктейтін жартылай жалаңаш суреттері соңғы кездері тыңдарманның ашуын тудыруда. Әсіресе, Исабекованың өз тыңдармандарына дәретханадан сәлем жолдап, селфи жасағаны оның ел ішіндегі абыройына айтарлықтай нұқсан келтірді. Біздің жүргізген арнайы сауалнамамыз нәтижесінде де көпшілік оның әндерінен гөрі, эпатаждық стилін еске алып жатты.
2. Ендігі кезекті жоғарыда аты аталған Мақпалдың жан құрбысы Дильназ Ахмадиевада. Ахмадиева да құрбысы секілді өзінің жалаңаш суреттерімен ел есінде қалды. Дәретханадан сәлем жолдамаса да, Түркияда демалған әнші жартылай жалаңаш суретке түсіп, оған Алланың атын қосып пікір жазған. Аталмыш сурет әлеуметтік желіде едәуір шу тудырып, тіпті, ұлтаралық жанжалға ұласа жаздаған. Одан бөлек, Дильназ ханымның Елбасының қатысуымен өткен шараға төсқап кимей барғаны да БАҚ-та сөз болған еді. Осының бәрі “Золотой” деп ән шырқаған ханшайымның имиджіне кері әсер етпей қоймады.
3. Антижұлдыздар рейтингінің үшінші сатысында бірде актриса, бірде әнші, енді бірде енесімен сыйыспаған келін болып елге аты жайылған Меруерт Түсіпбаева тұр. Ия, сіз қате түсініп қалған жоқсыз. Түсіпбаеваның енесі туралы айтқандары елді талай шулатқаны бар. Одан өзге, “бір шалмен билесем екен” деп армандаған сәттері де әлі тыңдарманның есінде. Соңғы кездері Қайрат Нұртасты жамандап өзінің атына кір келтіріп алғаны да бар. Қайраттың қалың тыңдарманы Мерует ханымды сол үшін кешірмейміз деп ашуланғандарын да айтайық. Қалай болғанда да, бүгінде әндерінен гөрі Түсіпбаеваның сұхбаттары ел арасында көбірек айтылып кетті.
Мақаланы көшіріп басу үшін міндетті түрде juldizdar.kz порталына гиперсілтеме беруіңіз қажет.