Белгілі жазушы: Мағауин жанына әдеби киллер ұстаған адам
2016 ж. 14 қыркүйек
4061
6
Мұхтар Мағауиннің мен стилін ғана қабылдай алмаймын. Ғалымдығы мықты! Ұзақ жыл «Жұлдыз» журналын басқарды. Жанына бір-екі әдеби киллер ұстады. Тұстастарын түгелдей жусатып салды. Нанбасаңыздар сол жылдардағы журнал санын парақтап шығыңыз. Өзінен басқа іліп алар қаламгер жоқ екен. Өзі болса қазақ әдебиетінің негізін қалаған Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллинге дейін қарақаттап жатты. Сіздерге жақсы мәлім, ұзақ жыл архив шаңының астында қалып, теріс көзқарас иеленген М.Әуезовтың «Қилы заман» хикаятын өзі орыс тіліне аударып, Мәскеудің «Новый мир» журналына жариялататын Шыңғыс Айтматов еді ғой. Мұқаң осы ұлы тұлға жайлы не айтпады, неге ғана теңемеді? «Ешкі жетектеген екеу», «Әлгі мұрны аузына түскен қырғыз»…
Егер өзің пір тұтқан ұстазға біреу осындай қызмет көрсетіп жатса, қолын тұрмақ аяғын сүйерсің. Ал біздің айтқан рахметіміз әлгі…
Мұқаңды қазір Америкада тұрады деп естиміз. Орыстың Е.Евтущенко сынды сұңғылалары сол елдің оқу орнында лекция оқып, өз елі әдебиетінің жетістігін саралап, насихаттап жүр. Ағамыз да білімдар адам ғой, сол ақын сынды Қазақстан мен Орта Азия әдебиеті жайлы дәріс беріп жатса бізде иіліп сәлем берер ек. Десе де, кейбір аңдаусыз айтқан қағыс пікіріме кешірім өтінемін.
Рахымжан Отарбаев,