Астанада 25 жастағы қыз өзін екі күн бойы аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды
2016 ж. 14 қыркүйек
7499
2
Жиырма бес жастағы астаналық бойжеткен өзін аяусыз зорлағандардан өз бетінше кек алды. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.
Бұл туралы “Экспресс К” басылымына психолог Мария Федорова айтып берген.
«Үш ай бойы өзін қорлағандарды аяусыз жазалаған астаналықпен жұмыс істедім. Бойжеткен бірінің отбасын ойрандаған. Құрбыларының біріне сол жігіттің басын айналдыруды тапсырған қыз, суретке де түсіріп алады. Ғашықтардың тәтті өмірінің көріністерін жинақтап, өзін зорлаған еркектің әйеліне жолдайды.
Екіншісінің саябағын өртеп жібереді. Үшіншісінің қымбат көлігіне қышқыл шашқан. Өзін ренжіткендерден кек аламын деп жүрген бойжеткен, қалай қатыгез болып кеткенін де білмей қалады. Мәселені шешу үшін пәтерін сатып, Алматыға қоныс аударып кеткен. Қазір тұрмысқа шыққан, бала күтіп отыр», - дейді психолог.
Дәрігер өзінен көмек сұрап келушілер арасынан зорланғандар тек соңғы екі жылда көбейгенін айтады.
«Бұрын топтық зорлауда болған әйелдер аз келетін. Қазір ондай емделушілерім көп. Мен бұған қарап зорлау қылмысы соңғы кезде көбейді деп айта алмаймын. Бұрында да болған. Тек әйелдер соңғы кездері маманның көмегіне жиі жүгінетін болған», - дейді дәрігер.
Дәрігер елімізде зорланған қыздар мәселесін полицияға айтпауға тырысатынын айтады. Себебі, бойжеткендер оқиғаның жайылып кетуінен қорқады екен.
Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.