Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясына төрағалық ететін болды
2016 ж. 13 қыркүйек
2584
0
Елбасының жарлығымен Имашев Берік Мәжитұлы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZтілшісі.
"Имашев Берік Мәжитұлы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына Қуандық Тұрғанқұлов төрағалық еткен болатын.
Берік Имашев - бұған дейін Қазақстанның Әділет министрі қызметін атқарған (2012 жылдан бастап). Парламент депутаты (2008-2012), заң ғылымдарының докторы.
Қазақстан президенті жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшесі. Қазақстан заманауи бессайыс қауымдастығының президенті.