“БАСЫ БАР ЕЛ ШЫҒАДЫ БАСЫН ІЗДЕП…”

Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтару – елдігімізге сын!

Кенесары Дәл осы тақырыппен осыдан үш жыл бұрын "Қазақ үні" ұлттық порталы мақала жариялаған еді. Себеп -  2013 жылы 16 маусымда «Ақ жол» партиясы қазақтың қайсар ханы Кенесарының басын Ресейден қайтарып алу жөнінде бастама көтеріп, сол кездегі Мәжіліс депутаты Азамат Әбділдаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатын. "Ұлтымыздың тарихындағы тұлғасы биік, рухы асқақ қазақтың ең соңғы ханы Кенесары Қасымұлының тағдыр-талайы аянышты ғана емес, айбарлы да өнегелі.  Белгілі ақын Қазыбек Иса: «Тәуелсіз ел тәуба деп, жасын үзбек, Үміттіміз өрлейді тасымыз деп… Баспен бірге кеткен бе, басты рухың, Басы бар ел шығады басын іздеп…»  – деп, айтпақшы, расында, Кенесарының алтын басын туған топырағына қайтарып, шариғат жолымен жерлеу – әрбір қазақтың абыройлы борышы, мерейлі міндетімен пара-пар парыз. Сондықтан, ақжолдық депутаттардың игі бастамасын иісі қазақ жұрты қызу қолдайды, деген сенімдеміз"-деп жазған  еді "Қазақ үні".  ( http://www.qazaquni.kz/2013/06/19/16901.html ) Енді міне, екі-үш күннен бері  Қазақстан Үкіметі премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Мәскеуге барып, Ресей Үкіметі төрағасы Д.Медведовтен қазақтың соңғы ханы Кенесары  мен биыл 100 жыл толып отырғанын билік білмегенсіп отырған Ұлт азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Кейкінің бас сүйектерін елге қайтару мәселесін қозғағаныy барлық  БАҚ жарыса жазуда. Бұл мәселе қазақтар үшін өте маңызды екенін айтқан Қазақстан Премьеріне ресейлік әріптесі:  мәсімов медведев кенесары «Күмәнданбаңыз, мен ауызша, керек болса, хат жүзінде бұл мәселе туралы тапсырма беремін, сосын сізбен телефон арқылы хабарласып, ортақ шешім қабылдаймыз», – деп,  бұл мәселені шешуге  уәде берді. Осыған байланысты Кунсткамера Қазақстанның батыры Кейкінің бас сүйегін қайтаруға әзір, деп хабарлады «Радио Балтика» радиосы РҒА Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі директорының Keiki-1орынбасары Ефим Резванға сілтеме жасай отырып. Оның айтуынша, Ресейдің федеральдық тізіміндегі жәдігерді федеральдық заңға сәйкес немесе Ресей президентінің жарлығымен қайтарылуы ықтимал. Мұражай басшылығы Пеетрбордағы Қазақстан консулына нысанды қайтару үшін не істеу керектігін айтып берген, деп жазады Қазақпарат. «Кейкі батырдың бас сүйегі бізде. Оны біз жасырған емеспіз. Ол қорда сақтаулы, ешқашан көпшілік назарына ұсынылмаған. Егер де осындай жарлық шықса, оны бермеуге басқалай кедергі жоқ», – деп түсіндірді Резван. Мұражай басшысының орынбасары Кунсткамерада Кенесарының басы сақталмағандығын жеткізді. Бас сүйектің қайда екендігі әзірге белгісіз, деп мәлімдеді музейдегілер. «Бізге Қазақстанның мәдениет министрі келген, оған барлық қорды көрсеттік. Сондай-ақ Қазақстаннан келген әріптестер музейге келіп түсетін жәдігерлерді тіркейтін құжаттарды қарап шықты. Әрі олар Кенесарының бас сүйегі бізде болмағанына көз жеткізді», – деді Резван. Кейкі батыр 1923 жылы сәуірде өлтірілген, ұлт-азаттық көтеріліс басшысының бас сүйегі Ресейге жіберілген. Қазақтың Кенесары ханы 1847 жылы қаза тапқан. Оның басын Ресейге алып кеткен, алайда ол әлі табылмаған. Иә, Қазақ елінің үкіметбасы айтқан сөзінде тұрып,  Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтара алса, ерлегені!  Қ.Сейхуни qazaquni.kz Тақырып тарауы: “БАСЫ БАР ЕЛ ШЫҒАДЫ БАСЫН ІЗДЕП…” Кенесары ханның басын қайтару – елдігімізге сын! http://www.qazaquni.kz/2013/06/19/16901.html