Атыраулық белсенділер Нұрлан Ноғаев бастаған бір топ адамға "сыйлық" жасады (фото)
2016 ж. 26 шілде
2391
13
Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында атыраулық белсенділер облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған бір топ адамға "сыйлық" жасады деп хабарлайды Абай.кз порталы.
Халел Досмұхамбетов атындағы университет ғимаратында болған жиында белсенді топтың өкілі Әсел Нұрғазиева көшпелі комиссия мүшелеріне, Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа, комиссия төрағасы Асқар Исабекұлына және оның орынбасары Жақсылық Үшкемпіровке қамаудағы белсенділер «Талғат Аян мен Макс Боаевқа бостандық» деген жазуы бар жейдешелер табыстады.
Сәуірдің орта шенінде атыраулық белсенділер үкіметтің жерді шетелдіктерге сату мен ұзақ жылға жалға беру туралы бастамасына наразылық білдіріп, Атыраудағы Махамбет-Исатай алаңына жиналған еді. Осыдан кейін облыс басшысы Нұрлан Ноғаев мырзаның өзі де алаңдағы халықтың алдына келіп, басу айтқан-тын.