Қостанайда жолдың астынан алтын табылды
2016 ж. 17 шілде
6384
6
Қостанай облысына қарасты Жітіқара және Қамысты аудандарының арасындағы жол 5 жылға жабылды, оның астынан алтын қоры табылды, - деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы Жітіқараның Тоқтаров ауылындағы көшпелі қоғамдық қабылдау кезінде белгілі болды.
Дәлірек айтсақ, Тоқтаров ауылдық округінде ең өзекті мәселелердің бірі жолдың жағдайы болатын. Шенеуніктер қазір «Орион Минералс» ЖШС басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Кәсіпорын Жітіқара – Тоқтаров – Коломенка бағытындағы жолдарды күтіп ұстауды мойнына алған. Жітіқарадан Қамысты ауданына дейінгі жолдың жиі қолданылатын бөлігінің астында мамандардың болжауынша алтын жатыр. Кен өндіруші компания мұнда алтын шығару жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, қазірдің өзінде жол бес жылға жаюылатыны белгілі болды. Бұл кей ауылдардың тұрмысын одан сайын қиындатып жібермек, олар енді қалаға айналма жолмен баруға мәжбүр. Есесіне «Орион Минералс» ЖШС жұмыстар аяқталған соң жолдың Қамысты желісін қайта қалпына келтіруге уәде берді, нәтижесінде ауданда жөндеуді қажет етіп отырған бір жолдың орнына екі жол пайдалануға беріледі.