"Ақ жол" Алаш көсемі Əлихан Бөкейханға арналған пошта маркасының тұсаукесерін жасады
2016 ж. 12 шілде
2276
0
"Ақ жол" бүгін Алаштың көшбастаушысы болған Əлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасының тұсаукесерін жасады. Оған "Қазпоштаның" өкілдері, Алаштанушы ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бірден айтайық, бұл тарихи оқиға! Енді пошта қауымдастығына мүше əлемнің 198 елі Алаш арысының аяулы бейнесі бар маркалармен таныс болады. Бірақ, негізгі айтпағым бұл емес. "Ақ жол " бұған дейін де Алаш идеяларына қатысты аз жұмыс атқарған жоқ. Жыл сайын том-томдап кітаптар жарық көрді. Түрлі конкурс, мүшəйралар ұйымдастырылды. Осы Əлихан бабамыздың 150 жылдығын əлемдік деңгейде атап өтуді алғаш ұсынған да, ол үшін Үкіметтік комиссия құруды ұсынып, депутаттық сауал жолдаған да аталған партия! Бір өкініштісі осындай қыруар шаруалар атқарылған соң да " Ақ жолдың" атына сын айтушылар табылып жатады. Тіпті Алаш мұрасына қатысы жоқ біреулердің партия жасаған істі өздері бітіргендей баспасөз мəслихатын өткізіп отырғандарын да көрдік. Бұл жерде " Ақ жол " Алаш мəселесін біржола иемденіп алды деген ой тумаса керек. Алаш мұрасы, оны зерттеу, насихаттау бəрімізге ортақ мəселе. Тек "Ақ жолдың" да осы мəселеге аянбай атсалысып келе жатқанын көрмегенсіп, сын айтқанымыз жөн емес қой! Біздікі "Ақ жол " Алаш мұрасын арзан атақ үшін насихаттап жатқан жоқ екенін естеріңізге салу ғой...
Арман Сқабылұлы
qazaquni.kz
[caption id="attachment_55006" align="aligncenter" width="800"] SONY DSC[/caption]