Досай Кенжетай: Ойына келгенін істеп жатқан сәлафилерге қашан тыйым болады?
2016 ж. 09 шілде
4121
10
Белгілі дінтанушы ғалым, дініміздегі жат ағымдармен күресіп жүрген Досай Кенжетай редакциямызға хабарласты. " Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы, Қыземшек (Степное) ауылындағы мешітке бір намазхан бауырымыз 30 000 теңгеге ҚМДБ рұқсат еткен кітаптарды сатып алып мешітке қойып қойса, сәлафи (уахаби) бауырларымыз кітаптардың барлығын алып, өртеп тастапты. Соған қандай шара қолданса болады? Кеңес керек" деп бір бауырым жекеме жазыпты... "- дейді ол.
"Ал енді бұған не деуге болады... Имамды да, ҚМДБ-ны да, Билікті де мойындайын деп отырған жоқ олар... Ал Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасы мұндай мәліметтерді жасырып бағады..Неге? Ол жігіттерге "аты-жөндеріңді жасырамын" деп уәде бергенмін. Осы көтерілген мәселеге үн қосып отырсаныздар екен. Өйткені, Оңтүстікте ел ішінде үрей, қорқу бар... Сәлафиттер ойына келгенін істеп, ойрандап жүре бере ме?"-"-дейді дінтанушы ғалым алаң көңілмен.
Иә, кешегі Ақтөбедегі қанды оқиғадан соң, ел ішіндегі үрейдің сейіле қоймағаны анық. Елбасымыз "Бұл Сәлафиттердің ісі" -деп, дабыл қақса да, атқарушы билік, тиісті құзырлы органдар енді не қарап отырғандарын бір құдай біледі. ҚМДБ басшысы, Бас мүфти Ержан Мәлғажыұлы: "Сәлафиттерге тыйым салу керек!" -деп мәлімдегені белгілі. Енді сөзден іске қашан өтеді? Әлде, қайрат көрсету үшін тағы бір "Ақтөбе оқиғасы " керек пе?
Әсілі, сәлафит-уахабиттерді тыюдың бір ғана тәжірибеден өткен тиімді де, нәтижелі жолы - көршіміз Өзбекстанның жат ағымдармен қатаң күресі болса керек!
qazaquni.kz