Астана әкімі уәде берді
2016 ж. 27 маусым
2017
0
Инновацияларды дамыту мәселесі елорда әкімдігінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болады.
Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Астана – қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылып, тұрақты дамып жатқан ашық қала, сондықтан инновацияларды дамыту мәселесі біздің әкімдіктің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болады», — деді өзінің құттықтау сөзінде Әсет Исекешев.
Қала басшысының айтуынша, соңғы жылдары әкімдік бірқатар ғылыми стартап жобаларды, Smart city аясындағы бірнеше ілкі жобаларды іске қосты.
«Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз, мен таяу уақытта Назарбаев Университетімен, Білім және ғылым министрлігімен, Инвестициялар және даму министрлігімен және жас стартап-кәсіпкерлер тобымен бірлескен бағдарламаларымыз туралы жариялаймыз деген ойдамын. Біздің алдымызда жаңа экономикаға көшу, шикізатқа тәуелділіктен арылу секілді көптеген сын-қатерлер тұр, мұнда елорда маңызды рөл атқарады. Астана Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастыратын креативті қалалардың біріне айналуы тиіс», — деп түйіндеді Әсет Исекешев.
Дерек көзі: BNews.kz