Министр қазақша білмейтін оқушыларға мемлекеттік тілді үйретпекші
2016 ж. 21 маусым
2319
0
Биыл желтоқсан айында жалпы білім беретін орта мектептерге қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемелік бағдарламасын әзірлеу жұмыстары аяқталады. 2017 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап ол оқыту жүйесіне енгізіледі деген жоспар бар.
Бұл жөнінде еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыға жұмыс сапары кезінде мәлімдеді деп жазады Khabar.kz.
Сала басшысы қаладағы №159 мектеп гимназиясында робототехника оқу зертханасының ашылуына қатысты. Алдағы уақытта осындай зертханалар еліміздің ондаған оқу орындарында ашылмақ. Қазір бұл бағдарлама бойынша 13 мыңнан астам ұстаз қайта даярлықтан өтіп жатыр.
"Қазіргі кезде біз үшін орыс мектептерінде оқитын және қазақша білмейтін 450 мың балаға қазақ тілін үйрету міндетін орындау аса маңызды. Ол үшін екі жыл уақытты межелеп отырмыз. Бұл мақсатта жаңа әдістемелік бағдарлама жасалуда. Ал 2017 жылы жаңа оқу жылынан, яғни 1 қыркүйектен біз қазақ тілін оқыту жүйесін енгіземіз деп ойлаймын", - деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Дерек көзі: Khabar.kz