Шағын несиелеу бойынша бастама егжей-тегжейлі қарастырылуы қажет - Мәсімов
2016 ж. 16 маусым
1731
0
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақтөбедегі Азаматтар үшін үкіметтің бірінші кеңсесінің жұмысына ризалығын білдірді. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан «Атамекен» ҰКП Съезінде сөйлеген сөзінде айтты. «Кеше Ақтөбе облысына барған сапарымда мен Азаматтар үшін үкіметтің бірінші кеңсесіне де бардым. Басқа облыстарда қалай екенін білмеймін, бірақ Ақтөбеде көргенім, Президенттің тапсырмасы бойынша қолға алынған бұл бастаманың жұмыс істей бастағаны, көңіліме сенімділік ұялатты», - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар ол мұндай Азаматтар үшін үкімет кеңселері барлық аймақтарда жұмыс істейтін болса деген ниетін білдірді. «Атап айтқанда, мен сіздермен бірге басталған жұмыс – шағын несиелеу мәселелерін кеңейту бастамасының жұмыс істеп жатқаны мені қатты қуантты, оған деген сұраныс көп, бұл нақты жұмыс істейтін бағдарлама», - деп толықтырды өз сөзін К.Мәсімов.
Оның пікірінше, шағын несиелеу бойынша бастама егжей-тегжейлі қарастыру мен арттыруды қажет етеді.
qazaquni.kz