ЭКСПО-ның экс-басшысы 14 жылға сотталды
2016 ж. 09 маусым
2277
0
"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев 14 жылға сотталды.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Мемлекеттік айыптаушы ірі жемқорлық істеріне барғаны үшін Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 10 маусым күні оқылуы тиіс үкім мерзімінен бұрын, яғни, бүгін оқылды.
Талғат Ермегияев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Ол Ұлттық компания басшылығы міндетін атқарып жүріп, ұйымдасқан жемқорлық әрекеттеріне барғаны үшін ұсталған.
Кеше "Ермегияев ісіне" қатысы бар Қажымұрат Үсенов 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, сот барысында Ермегияев өз кінәсін мойындаған жоқ.
Дерек көзі: Қазақстан жаңалықтары