Тоқтар Төлешов билікті құлатуға ұмтылған - ҰҚК
2016 ж. 06 маусым
3050
8
Бас прокуратурада Тоқтар Төлешовтің ісінің мән-жайы айтылған баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасаев былай деп мәлімдеді:
"Тергеудің мәліметтері бойынша, Төлешов мырза бұған дейін дайындық жұмыстарын жүргізген, ал өткен жылдан бері билікті зорлықпен басып алуға дайындық жұмыстарымен айналысқан. Оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген".
ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы Құсайын Игембаев баспасөз мәслихатында Төлешовке есірткі заттарын заңсыз сақтау, бірқатар ауыр әрі аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отырғанын хабарлады, олардың ішінде "кісі өлтіруді ұйымдастыру, адам ұрлау, түрлі деңгейде денсаулыққа зиян келтіру, бөтеннің мүлкін көрінеу бүлдіру, қарақшылық" қылмыстары бар.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды.
Дерек көзі: tengrinews.kz