Саясаттанушы: Ақтөбе біздің 2011 жылдан сабақ алмағанымызды көрсетеді
2016 ж. 05 маусым
2747
0
Саясаттанушы Марат Шибұтов бүгін Ақтөбеде өткен арнайы операция туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, радикалдармен атыс кезінде бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын.
Оның пікірінше, бүгінгі оқиға 2011 жылдың қайталануы, бірақ аса қатал формада болған. Сол уақытта Ақтөбеде қарулы шабуыл жасалған еді, кейін шабуылдағандар түрмеге қамалған болатын.
"Еліміздегі лаңкестер 2008 жылдан бері Ресей территориясында көріне бастады (...). Содан бері бірнеше жылдың ішінде 300-ден аса адам ұсталып, көзі жойылды. Жаңа ұрпақ өсіп-жетілді, жаңа адамдар пайда болды, олардың ұстанымы тіпті радикалды, - дейді Шибұтов - Исламизация қарқын ала түсті, меніңше, радикалдар бұрынғыдан да көбейе түсті, бұл белсенді ұрпақ. 2011 жылғы сценарий қайталанып жатыр, бірақ бұл жолғысы қатаң түрде болды. Енді радикалдар қауіпсіз жерде тұрып-ақ миналарды жинай бастайтын сияқты, себебі адамдар өз қателігінен сабақ алады. Лаңкестердің әдістерінің жетіле түскені көрініп отыр (...) Ақтөбеге келсек, неліктен дәл осы Ақтөбеде болып жатыр, неліктен батыс, ол жақта жаңадан бет бұрғандар көп, ал жаңадан бетбұрғандардан радикалдар көп шығады. 2011 жылдағы оқиғадан бері бес жыл өтті, жаңа адамдар жиналды, осы уақыт жиһадқа жасақталуға уақыт кетті. Алайда мен бүгінгі оқиғаны жер мәселесімен, митингтермен байланыстырмаймын. Бірақ радикал көзқарастарп бар - бұл елдегі жалпы жағдайдың нашарлауынан. Адамның көңілі толмаса, митингтер, наразылықтар болады", - дейді сарапшы.
Оның пікірінше, дұрыс ойлауды насихаттау керек, қоғамды модернизациялау керек.
Еске салайық, бүгін Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.
ІІМ мәліметінше, шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, үшеуінің көзі жойылды, біреуі жарақат алды. "Қазіргі уақытта бірнеше қылмыскер блокқа түсірілді, бірнешеуі жасырынып үлгерді", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Айта кетейік, 2011 жылы Ақтөбеде бүгінгіге ұқсас оқиға болған еді. 10 шілдеде белгісіздер Mazda көлігіндегі 22 жастағы Нұрлан Теміровке қарулы шабуыл жасаған болатын. Ол алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Көлік жүргізушісі зардап шекпеді. Ұсталғандар 4 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар "терроризм жасау, қару-жарақты заңсыз сақтау және тасымалдау, қылмыс туралы хабарламау" бойынша айыпты деп танылған еді.
Дерек көзі: tengrinews.kz