«Еуразия-1» мен «КТК»  халықты неге қаралайды?

 

Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның кезекті отырысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан халыққа қысым жасалмай­тындай құқық қорғау ор­ган­дарына үндеу жолдауға шақырды.

платонов  «Біздің жұмысымыз жақсы басталды. Осы аптада көп іс атқардық. Бірақ, елімізде не болып жат­қанын өзіміз көріп отырмыз. Мамырдың 21-і күні Әнұранды айтып алаңға шыққан қарындас­тары­мызды милиция алып кетті. Депутат, КТК телерна­сының жүргізушісі Артур Платоновқа митингке шыққан азаматтарды жамандауды тоқтат дегім келеді. Олар да – Қазақстан азаматтары. Олар ешқандай бұзақылық жасаған жоқ. Митинг үшін ақша төлеп жатыр дейді. Бәлкім, біреу біздің бүгінгі келісім жолындағы жұмысымызды бұзғысы келіп жатқан шығар» – деді Мұхтар Тайжан. Расында, біздегі Еуразия-1 ("Аналитика" хабары жүргізушісі Аймира Шаукентаева), КТК сияқты телеарналар Бас прокуратураның Aimira«Арандатушы топтар бар, олар билікті құлатпақшы» деген мағындағы мәлімдемесін қуана қабылдап, елден сүйінші сұрағандай жар салды. Несіне қуанады, арандатушылар пайда болса – үлкен қауіп емес пе? Бірақ, әзірге құқық қорғау орындары бұған нақты айғақ келтірмеді. Сондықтан көпшілікті дүрліктіріп «жарапазан» айтудың қажеті жоқ және халықты қаралауға бірде-бір адамға ешқандай құқық берілмегенін ұмытпау керек. qazaquni.kz